Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Знаменка жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
октябрь
2025

ҰСТАЗЫҢДЫ ҚҰТТЫҚТА

“Ұстаз – ұлт шамшырағы” онкүндігі аясында Оқу-ағарту министрлігі жариялаған “Ұстазыңды құттықта” челленджін Астана қаласы №43 қосымша білім беру мектеп-орталығының директоры Тәкебаев Руслан Манарбековичтен ruslantakebaev.2023 қабыл алдым.

Осы сәтті пайдалана отырып, мені білім нәрімен сусындатқан ұстазымды Андакаева Алия Назарбековнаны төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Еңбегіңізге жеміс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілеймін! Зейінді шәкірттеріңіз көп болғай!

Ендігі кезекте “Знаменка жалпы орта білім беретін мектебінің” ардагер ұстаздарын және өзімнің әріптестерімді құттықтағым келеді. “Алты алаштың баласы жиналса, төрдегі орын – ұстаздікі” деп Мағжан Жұмабайұлы айтпақшы, қай жерге барсаңыздар да, құтты төр – өздеріңіздікі. Әрдайым мерейлеріңіз үстем болып, сан мыңдаған шәкірттердің шырақтарын жаға беріңіздер!

Осы челленджді Абай облысы, Жаңасемей ауданы білім бөліміне қарасты “Бұлақ жалпы орта білім беретін мектебінің” директоры Заманбекова Айтолқын Асеновнаға @bulakmektebi жолдаймын.

https://www.instagram.com/reel/DPOggOHiLfy/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

redvid esle

©2016-2023, Ресми сайт Жаңасемей ауданы білім бөлімінің "Знаменка жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722