ЗЕРДЕЛІ ҰРПАҚ
2026 жылдың 28 сәуір күні Түрксіб ЖОББМ мектебінде Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша Зерделі ақыл-ой дамыту орталығы ұйымдастыруымен 3-сынып оқушылары арасында “Зерделі ұрпақ” олимпиадасы өтті. Аталған білім сайысында Знаменка жалпы орта білім беретін мектебі КММ-нің 3 “А” сынып оқушылары өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп, І орын иеленді. Жас жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестерді бағындырып, жетістіктеріңіз арта берсін!