Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Знаменка жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
БЕЙБІТ АСПАН
11
май
2026
БЕЙБІТ АСПАН
Мектепалды сыныпта «Бейбіт аспан» тақырыбында суреттер сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар бейбіт өмір, ашық аспан, достық пен татулық туралы өз ойларын сурет арқылы бейнеледі. Шығармашылық жұмыс балалардың қиялын дамытып, Отанға деген сүйіспеншілік пен бейбіт өмірдің қадірін түсінуге тәрбиеледі. Әр баланың суретінде — мейірім, қуаныш және бейбіт болашаққа деген сенім көрініс тапты.
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП‼️
11
май
2026
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП‼️
Қоршаған әлеммен танысу сабағында балаларға ерекше әсер сыйлаған «Сиқырлы қораптағы 3D әлем» педагогикалық идеясы ұйымдастырылды. Қарапайым ұялы телефон мен пластик бөтелке арқылы 3D бейне көрсетіліп, балалар сиқырлы қораптың ішінен жануарлар мен табиғат әлемін тамашалады. Бұл әдіс балалардың қызығушылығын арттырып, зейінін шоғырландыруға, есте сақтау қабілетін дамытуға және жаңа технологиямен танысуына мүмкіндік берді. Сабақ барысында балалар: — таңғалды; — зерттеді; — өз ойларын айтты; —
МАМЫР АЙЫ-ЫНТЫМАҚ АЙЫ‼️
11
май
2026
МАМЫР АЙЫ-ЫНТЫМАҚ АЙЫ‼️
Бейбіт өмір — батыр бабаларымыздың бізге қалдырған ең қымбат аманаты. Жеңіс күні қарсаңында бастауыш сынып оқушылары “Ақ көгершін” флешмобын өткізіп, бейбітшілік пен татулықтың символын көкке қалықтатты. Балалардың аппақ көгершіндері — мейірімнің, үміттің және жарқын болашаққа деген сенімнің белгісі. Осындай тәрбиелік шара арқылы жас ұрпақ ел тыныштығының қадірін түсініп, ерлікке тағзым етті. 🇰🇿 Ешқашан соғыс болмасын, көгімізде тек ақ көгершін қалықтасын! Ұлы Жеңістің рухы мәңгі жүрегімізде✨
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН
11
май
2026
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН
Бүгін ұжымымызбен сенбілікке шығып, тазалық жұмыстарын жүргіздік 🌿 Таза орта – өзіміз үшін! Бірлікпен атқарылған жұмыс әрқашан нәтижелі болады. Баршаңызды қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамыз! ​https://www.instagram.com/reel/DYKbA0atX3t/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 
ӘКЕ – АСҚАР ТАУ,  ЕР – ЕЛ ҚОРҒАНЫ 🤍
06
май
2026
ӘКЕ – АСҚАР ТАУ, ЕР – ЕЛ ҚОРҒАНЫ 🤍
Бүгінгі өткен мерекелік шарада әкелеріміздің қоғамдағы орны мен отбасыдағы рөлі ерекше дәріптелді. Әке – тірек, қамқоршы, отбасының қорғаны ғана емес, елдің де тірегі екені тағы бір мәрте айқындалды. Шара барысында әсерлі сөздер айтылып, жүрекке жылу сыйлар сәттер көп болды. Әкеге деген құрмет пен алғыс әрбір жанның жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз. Барша әкелерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Сіздер – біздің мақтанышымызсыздар 🙌
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН
04
май
2026
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН
«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде мектебіміздің ұжымы сенбілікке белсене қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатқа жанашырлықпен қарау және оқушыларға үлгі болу. Сенбілік барысында мектеп ауласы мен айналасы қоқыстан тазартылып, жасыл желектер ретке келтірілді. Ұжым мүшелері бірлесе еңбек етіп, тазалық мәдениетін насихаттауға өз үлестерін қосты. Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың міндеті. Осындай игі
🌸1 МАМЫР — БІРЛІК КҮНІ🌸
01
май
2026
🌸1 МАМЫР — БІРЛІК КҮНІ🌸
Бүгін мектебімізде Қазақстан халықтарының бірлігіне арналған ерекше мерекелік шара өтті 🇰🇿✨ Оқушылар әр ұлттың мәдениетін таныстырып, ұлттық киімдер киіп, ән айтып, би билеп, достық пен татулықтың маңызын көрсетті. Бұл күн — бірлік пен ынтымақтың, сыйластық пен құрметтің мерекесі. Әртүрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан еліміз үшін бұл күннің орны ерекше 🤝 Баршаңызға бейбіт өмір, береке-бірлік тілейміз! 💙
АТА-АНА ҚОРҒАНЫ 👨‍👩‍👧‍👦
27
апрель
2026
АТА-АНА ҚОРҒАНЫ 👨‍👩‍👧‍👦
Білім ордамызда экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы мәдени-бұқаралық шаралар аясында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың басты мақсаты – жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың санасына жат идеологиялардың әсерін болдырмау және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру болды. Кездесу барысында мамандар тарапынан маңызды ақпараттар беріліп, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Ата-аналар бала тәрбиесіндегі өз рөлінің маңыздылығын түсініп, отбасындағы
ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ
24
апрель
2026
ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ
23 сәуір - Ұлттық кітап күні! Мен оқыған 10 кітап» акциясы аясында мектебіміздің педагогтары өздері оқыған кітапты насихаттап, барша әріптестерді акция қатысуға шақрады. ✨ Бұл бастама — тек кітап оқу ғана емес, оқырман мәдениетін қалыптастыруға, өскелең ұрпаққа үлгі болуға бағытталған маңызды қадам. https://www.instagram.com/reel/DXe0ywMDQdq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==  
ЖАС МАМАНДАР АПТАЛЫҒЫ
13
апрель
2026
ЖАС МАМАНДАР АПТАЛЫҒЫ
Мектебімізде жас мамандар бірлестік жетекшісі Машенова Алмагүл Алимовнаның бастамасымен «Үйрен, ізден, жас маман» атты жас мамандар апталығы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Апта барысында жас ұстаздар өздерінің кәсіби шеберліктерін шыңдап, түрлі форматтағы ашық сабақтар өткізіп, жаңашыл әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Сонымен қатар, тәжірибелі ұстаздармен пікір алмасып, әдістемелік қолдау алып, өзара тәжірибе алмасу алаңы қалыптасты. Оқушылар үшін көңілді үзілістер, танымдық ойындар мен қызықты

redvid esle

©2016-2023, Ресми сайт Жаңасемей ауданы білім бөлімінің "Знаменка жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722