13
апрель
2026
ЖАС МАМАНДАР АПТАЛЫҒЫ
Мектебімізде жас мамандар бірлестік жетекшісі Машенова Алмагүл Алимовнаның бастамасымен «Үйрен, ізден, жас маман» атты жас мамандар апталығы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Апта барысында жас ұстаздар өздерінің кәсіби шеберліктерін шыңдап, түрлі форматтағы ашық сабақтар өткізіп, жаңашыл әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Сонымен қатар, тәжірибелі ұстаздармен пікір алмасып, әдістемелік қолдау алып, өзара тәжірибе алмасу алаңы қалыптасты.
Оқушылар үшін көңілді үзілістер, танымдық ойындар мен қызықты шаралар ұйымдастырылып, білім мен тәрбиені ұштастырған мазмұнды іс-шаралар өткізілді.
Апталықтың басты мақсаты – жас мамандардың кәсіби дамуына жағдай жасау, олардың шығармашылық әлеуетін арттыру, педагогикалық шеберлігін жетілдіру болды.
Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп сенеміз. Жас мамандарымызға шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт, кәсіби биіктерді бағындыруына тілектеспіз!
https://www.instagram.com/reel/DXCQO5MjeIS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==