11
март
2026
"АНА - ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ"
Ана – өмірдің шуағы, мейірім мен махаббаттың қайнар көзі. Осы қасиетті ұғымның мәнін жас ұрпаққа ұғындыру мақсатында «Анаға құрмет – ұрпаққа міндет» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті насихаттау, ананың қоғамдағы және отбасыдағы орнының ерекше екенін түсіндіру, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ашық тәрбие сағатында оқушылар аналарға арналған өлеңдер оқып, ән айтып, көріністер қойды. Сонымен қатар аналар мен оқушылар арасында қызықты ойындар мен сайыстар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Оқушылар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, аналарға құрмет көрсетті.
Шара мерекелік көңіл күйде өтіп, аналарға алғыс айтылып, оқушылар өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын тарту етті.
https://www.instagram.com/reel/DVtAEcFiCy7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==