КӨРІСУ КҮНІ
14 наурыз-Көрісу күні… Амал күні қазағым көріседі, Көрісу бұл көненің желісі еді. Жасың құтты болсын деп жамырасып, Ақ ниетпен адал қол беріседі. Көріседі-көңілдер жібісін деп, Көріседі-тасысын ырысың деп! Көріседі-көк мұзда жылысын деп, Көріседі-оң болсын Ұлысың деп. Алты ай қыстан арыған жанын деп, Көріседі-бел буып,бекінуге. Ағайынды араздық ірітеді, Ауызбіршілік, ынтымақ-үгіт-ем! Көріскен жылда қатқан мұз, қалған сызды Көріскен күн көңілмен жібітеді. Бұзуға бұл дәстүрді еш бата алмайды,