Знаменка орта мектебіндегі
1-желтоқсан «Тұңғыш Президент» күніне арналған шараның өткізілуі туралы
АҚПАРАТ
Мақсаты: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын,
халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Міндеттері:
1.Қазақ
халқының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері
туралы мағлұмат беру;
2.Шәкірт
жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
20 қараша мен 30
қараша аралығында Тұңғыш Президент күнін
мерекелеу онкүндігі өтті.
20.11.
онкүндіктің ашылуы жоспарымен тәрбие жұмысы жөніндегі мектеп директорының
орынбасары Узакбаева С.С. таныстырып, салтанатты жиынмен ашты. Кітапханашы
Машенова А.А. «Елбасы күні - елдікке
құрмет мерекесі» көрмесін ұйымдастырды. 24-27.11. аралығында «Менің Нұр атам»
Президентке тарту ретінде өлең шығарды. Жоғары сынып оқушылары «Қазақстанның
100 жаңа тұлғасы» тақырыбында эссе жазды. Үзіліс уақытында оқушыларға «Елін
сүйген, ел сүйген Елбасы» тақырыбында слайдтар, видеосюжеттер, фильмдер
көрсетілді. Өзін-өзі басқару тобы «Тұңғыш Президент күні – тарихи маңызы зор
мереке» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел барысында
оқушылар бір-біріне Елбасы өмірі жайлы сұрақтар қойып, оның еңбек жолын талқылады
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Мемлекеттік тілді латын қарпіне
көшіру» жобасын мектеп ұжымы әкімшілікпен
бірлесіп дөңгелек үстел ұйымдастырды.Аталмыш жобаның жағымды және жағымсыз жақтарын талқылады.
Ой-пікірлерімен бөлісті.

Сынып жетекшілер «Тұңғыш Президент» тақырыбында тәрбие сағаттар өткізді
30 қараша күні сағат
10.00.-де «Тұңғыш Президент» күніне арналған салтанатты жиынға
ұстаздар және оқушылар жиналды. Атаулы мереке қарсаңында өзін-өзі басқару тобы
белсенді оқушыларды «Жас Ұлан», «Жас
Қыран» қатарына қабылдау рәсімін жүргізді. Биылғы жылы «Жас Ұлан» және «Жас
Қыран» қатарына 27 оқушы қабылданды.


«Жас Ұлан», «Жас Қыран»
қатарына қабылдау рәсімі Салтанатты
жиын мерекелік концертпен жалғасты.


Тәрбие жұмысы
жөніндегі мектеп директорының орынбасары: Узакбаева С.С