Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Знаменка жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
декабрь
2025

ТАРИХ АПТАЛЫҒЫ

Тарих апталығы аясында мектебіміздің 7 сынып оқушыларын арасында “Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл” тақырыбында викториналық ойындар өтті.Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов — қазақ халқының тарихындағы аса ірі саяси қайраткер, Алаш қозғалысының жетекшісі, мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист. Ол ХХ ғасырдың басында қазақ халқының тәуелсіздігін мақсат еткен саяси қозғалыстың негізін қалап, «Алаш» партиясын құрды және «Алаш Орда» үкіметін басқарды.
Тарих пәнінің мұғалімі: Жуматаева Г.Т
Тарих апталығы аясында “Шоқан Ұлы Даланың жарық жұлдызы” 190 жылдығына орай 5-6 сынып интеллектуалды ойын өтті.Шоқан Уәлиханов – қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835–1865) — қазақтың ұлы ағартушысы, этнограф, тарихшы, географ.
Тарих пәнінің мұғалімі: Машенова А. А.


Тарих апталығы! “Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл” толуына орай 8 сынып оқушыларына танымдық сағат өтті. Бауыржан Момышұлы (1910–1982) — Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты қолбасшысы, Кеңес Одағының Батыры, жазушы, қазақ халқының ұлттық қаһарманы. Ол Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген.1990 жылы оған «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Тарих пәнінің мұғалімі: Машенова А.А


redvid esle

©2016-2023, Ресми сайт Жаңасемей ауданы білім бөлімінің "Знаменка жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722