Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Знаменка жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
ДОСБОЛLIKE
11
декабрь
2025
ДОСБОЛLIKE
Оқушылар арасында бір-бірін құрметтеуге, қолдауға, достық пен мейірімділікке тарту, сондай-ақ мектепте қауіпсіз орта қалыптастыру, жылы қарым-қатынас орнату мақсатында 1 “А” сынып бүлдіршіндері сынып жетекшісі Асель Серикболовнаның бастамасымен “Достық жүрек” челленджін бастап, мектебіміздің басқа да сыныптарына жолдайды❤️❤️❤️ ​https://www.instagram.com/reel/DSIMasNiG4H/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 
КИБЕРНЭТИКА
10
декабрь
2025
КИБЕРНЭТИКА
Кибербуллинг-интернеттегі қорлауға жол жоқ🚫. Интернет — бәрімізге ортақ кеңістік. Онда қауіпсіздік те, құрмет те маңызды. ❗ Кибербуллинг – адамның намысына тиіп, қорлау емес, ол – психологиялық зиян келтіретін қауіпті әрекет. Біреу қателессе — күлу емес, қолдау көрсету. Біреу әлсіз болса — қысым көрсету емес, қорғау. Біреу өзгеше болса — мазақ ету емес, қабылдау. ​https://www.instagram.com/reel/DSFXZFcDcVR/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==​​​ 
"Гендерлік және цифрлық зорлыққа қарсымыз!" акциясы
09
декабрь
2025
"Гендерлік және цифрлық зорлыққа қарсымыз!" акциясы
Абай облысы білім басқармасының Жаңасемей ауданы білім бөлімінің “Знаменка жалпы орта білім беретін мектебі” КММ оқушыларының “Гендерлік және цифрлық зорлыққа қарсы” видеоролигі. 🔹Басты мақсат - қоғамда зорлық зомбылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті күшейту және жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру.  🔶Қауіпсіз орта - әрбіріміздің ортақ міндетіміз. Ұйымдастырушы: АӘД пәнінің мұғалімі: Кәкенұлы А және Педагог ұйымдастырушы: Ахметова Г.Қ.
КЕКУШАНКАЙ КАРАТЭ
08
декабрь
2025
КЕКУШАНКАЙ КАРАТЭ
Бүкіл Қазақстандық каратэ кекушинкай үйірмесінде Абай облысының балалар мен жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат өтті! Көкентау ауылы “Знаменка жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-нің мақтаныштары өз шеберліктерін көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді: 🥈 Кудайбергенова Фариза – II орын 🥈 Бейсимбекова Аруна – II орын 🥉 Дюсенгалиева Айару – III орын 🥉 Ибатуллина Мария – III орын 🥉 Думанбек Еркежан – III орын 🥉 Мәди Алан – III орын Барлық жүлдегерлер мен чемпиондарды шын жүректен
МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК
05
декабрь
2025
МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК
5 желтоқсан-Халықаралық волонтёрлер күніне орай біз, 10 «А» сыныбы болып, үлкен азаматтық әрі адами міндетімізді орындай отырып, қарт адамға көмек көрсету шарасын ұйымдастырдық. Бұл іс-шараның басты мақсаты – үлкендерді құрметтеу, оларға қамқорлық танытып, әлеуметтік қолдау көрсету арқылы оқушылардың бойында мейірімділік, жауапкершілік және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Оқушыларымыз ынтымақпен бірігіп, қарт адамның үй шаруасына жәрдемдесті, қажетті көмектерін көрсетті. Осындай игі
АДАЛ АЗАМАТ
28
ноябрь
2025
АДАЛ АЗАМАТ
Дүниежүзілік балалар күніне арналған “Қауіпсіз балалық шақ” республикалық онкүндік аясында “Менің құқықтарым” челленджіне қатысқан 1”А” сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Акашева Асел Серикболовна https://www.instagram.com/reel/DRju6xiiMeI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ
24
ноябрь
2025
ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ
Қыс мезгіліндегі балалардың қауіпсіздігі Қыстың қатты суығы мен тайғақ күндері оқушылардың қауіпсіздігіне аса мән беруді талап етеді. Осыған байланысты балаларға қыс мезгілінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
АДАЛ АЗАМАТ
21
ноябрь
2025
АДАЛ АЗАМАТ
Кітапхана жоспарына сәйкес Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды. С.Бегалин 1895 жыл 24 қараша Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында дүниеге келген. Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы. Алғашқы өлеңі — «Қазақ боз-балаларына» 1914 жылы «Айқап» журналында басылды. Семей Даланың тастап шуларын, Шыққанда жаяу ауылдан. Бір білім болып қуғаным, Жасқанбай қатер дауылдан. Бет алып едім Семейге, Ізденіп білім
ВАЛЮТА КҮНІ
17
ноябрь
2025
ВАЛЮТА КҮНІ
15 Қараша – Ұлттық валюта күні! Бүгін – еліміздің экономикалық тәуелсіздігінің басты нышандарының бірі теңгенің айналымға енгізілген күні. Бұл мереке ұлттық бірегейлігімізді, қаржылық тұрақтылығымызды және мемлекетіміздің даму жолындағы маңызды қадамды еске салады. Теңге – тәуелсіздігіміздің тұғыры, экономикалық еркіндігіміздің белгісі. Осы мереке баршаңызға құт-береке, мол табыс, тұрақтылық және игілік алып келсін! Ұлттық валюта күні құтты болсын! 🇰🇿
АДАЛ АЗАМАТ
17
ноябрь
2025
АДАЛ АЗАМАТ
16 қараша – Халықаралық толеранттылық күніне орай мектебімізде танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды өзге ұлт өкілдерін құрметтеуге, адамгершілікке, өзара түсіністік пен бейбітшілікке тәрбиелеу. Оқушылар толеранттылық туралы ой-пікірлерін ортаға салып, қызықты сұрақтарға жауап берді. Шара достық пен сыйластық рухында өтті. Іс-шараны ұйымдастырған – педагог-ұйымдастырушы Ахметова Г. К.

redvid esle

©2016-2023, Ресми сайт Жаңасемей ауданы білім бөлімінің "Знаменка жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722