05
январь
2024
Қысқы каникулды тиімді пайдалану
Қысқы каникул уақытында 29.12.2023 - 07.01.2024 жылы аралығында оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жоспарғай сәйкес іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, жоғары сынып оқушылары арасында "Көңілді старт" спорттық ойындары, 3-4 сынып және 5-8 сыныптарға "Жас жаяу жүргінші" тақырыбында жол қозғалысы ережелері бойынша викторина өткізілді. 1-2 сынып бүлдіршіндері арасында "Қыстың ғажап бейнесі" сурет байқауы ұйымдастырылды. Каникул кезінде үйірмелер мен секциялар жұмысы жоспарға сәйкес жалғастырылды. Мектептен тыс уақытта ұлдар таза ауада атпен серуендеді. Сонымен қатар, "Кешкі ауылдағы балалар" түнгі рейд жүргізілді.







