Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Знаменка жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
январь
2024

"Бүгінгі оқушы-ертеңгі студент"

Талаптың мініп тұлпарын,
Тас қияға өрледің.
Бір ғылым еді іңкәрің,
Әр қиырға сермедің,-деп Абай атамыз айтқандай, қасиетті де қадірлі мекен-алтын ұя мектебінен сан тарапқа қанат қаққан шәкірттері бүгінгі күн алтын ұясында қайтадан бас қосты. 
          9-11 сынып оқушыларына мамандық таңдауда кәсіптік бағдар беру мақсатында мектебіміздің түлектері, қазіргі студенттермен "Бүгінгі оқушы-ертеңгі студент" тақырыбында кездесу кеші өтті. Кездесуіміздің қонақтары:
- Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінің 4 курс студенті Файзуллаев Ернат;
- Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің 4 курс студенті Бейсен Талшын;
- М.О.Әуезов атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық колледжінің 2 курс студенттері Серікқазы Али, Игілік Нұрасыл және Сағатов Нұртілек;
- Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу университетінің 
4 курс студенті Сағынбекова Аяжан;
- Геодезия және картография жоғары колледжінің 
2 курс студенттері Мухаметкалиев Нурбек және Скакова Гүлден.
Бұлар болашақ-сан түрлі мамандықтың иелері. Бұлар-еліміздің болашағы! Еліміздің болашағы-білімді жастарда екенін есімізден шығармайық. 
          Қонақтарымыз құр қол келмей, өздерінің жиған білімдерін ортаға салып, бауыр, қарындастарына өздерінің ағалық, әпкелік кеңестерін де бере кетті. Түлектеріміз оқушылық өмір мен студенттік өмірдің айырмашылықтары, студенттік кездегі еркіндікті дұрыс пайдалану, оқу-білімді бірінші орынға қою керектігі жайлы, дұрыс және дамушы орта табуға кеңестерін берді. "Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге" жол сілтеді. Өмірлік маңызы бар таңдау кезінде қателікке бой алдырмау жайлы да айта кетті. 
          Кездесу барысында әрбір студент өздері білім алып жатқан оқу орындары жайлы видео, слайд, таратпа материалдар арқылы ақпарат беріп отырды. 
          Дөңгелек үстел барысында оқушыларымыз да ойларында жүрген сауалдарын қойып, жауап ала алды. Оқушылар мен студенттерімізге айтылған түрлі жағдайлардан шығудың жолдарын да көрсетіп, өздерінің алғырлықтарын тағы бір мойындатты. 
         Дөңгелек үстел өте тартымды, әрі пайдалы болды деп есептейміз. Студенттеріміз жақсы бір маман иесі болсын, ал оқушыларымызға өз қабілетіне қарай мамандығын дұрыс таңдауына тілектеспіз. 
Кәсіптік бағдар беруші - Исабекова Гульсим Сагатбековна. 
 

redvid esle

©2016-2023, Ресми сайт Жаңасемей ауданы білім бөлімінің "Знаменка жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722