02
сентябрь
2025
"Менің Отаным-Қазақстан!"
Отанға деген махаббат-адам баласының бойындағы ұлы сезімдердің бірі.
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2-ші қыркүйек күні мектебімізде 2-11 сыныпт оқушыларымен "Менің Отаным-Қазақстан!" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты-оқушылардың туған еліне деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқушылар Қазақстан тарихы мен мәдениеті жайлы білімдерін ортаға салып, Тәуелсіздік жолындағы ерлікке толы кезеңдерді еске алды. Мемлекеттік рәміздер, еліміздің жетістіктері мен болашағы туралы мазмұнды ойлармен бөлісті. Осындай шаралар өскелең ұрпақтың бойында елжандылық пен ұлттық рухты қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.