Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Знаменка жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
ПСИХОЛОГИЯ АПТАЛЫҒЫ
14
ноябрь
2025
ПСИХОЛОГИЯ АПТАЛЫҒЫ
2025 жылдың 10-14 қараша айының аралығында білім беру ұйымдарында «Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі» апталығы.Максаты: беру ұйымдарында колайлы психологияльщ ахуал куру, эмоционалды алдын алу, балалар, ата-аналар мен педагоггер арасында психологиялык кемек пен колдауды насихаттау, психологияльқ-педагогикальщ суйемелдеу қызметыне ceнім калыптастыру. 10-11 сынып оқушылары “Келешек” психологиялык ойыны
АДАЛ АЗАМАТ
14
ноябрь
2025
АДАЛ АЗАМАТ
“Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау мақсатында жоғары сынып оқушылары арасында “Рәміздерге құрмет – қастерлі міндет” тақырыбында пікірталас алаңы өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар Елтаңба, Ту, Әнұранның мағынасы мен мәні туралы өз ойларын ортаға салып, рәміздерге деген құрмет пен патриоттық сезімнің маңыздылығын талқылады. Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастырып, мемлекеттік рәміздерге деген
 ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
13
ноябрь
2025
 ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Кітапхана айлығы аясында «Өз қолымен жасалған бетбелгі – досқа сыйлық» атты шығармашылық сәт өтті. Іс-шараны сынып жетекшісі Кенжебаева Г.М. ұйымдастырды. Оқушылар өз қолдарымен түрлі-түсті, әсем бетбелгілер жасап, оларды достарына сыйлады. 💫 Бұл шараның мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, достық пен сыйластық сезімін дамыту, сондай-ақ қолөнер арқылы шығармашылық қабілеттерін жетілдіру. 🌈📖 Кітапхана айлығы аясында өткізілген “Кітап сыйла” акциясына 9 «А» сынып оқушылары
АДАЛ АЗАМАТ
13
ноябрь
2025
АДАЛ АЗАМАТ
«Жол ережесін білейік – аман-есен жүрейік!» атты іс-шара аясында 5–7 сынып оқушыларымен жол қозғалысы ережелерімен таныстыру жұмыстары өткізілді. Шара барысында оқушыларға жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, жол белгілерінің маңызы мен жолда жүру мәдениеті туралы түсіндірілді. Іс-шараны сынып жетекшілері Ряшева М.Д., Исабекова А.К., Тезекова М.Е. ұйымдастырды. Бұл шара оқушылардың жол қауіпсіздігі жөніндегі білімін нығайтып, сақтық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. 🚸
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
12
ноябрь
2025
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР апталығы аясында Кітапхана айлығының жоспарына сәйкес 4-сынып оқушылары арасында «Өз қолымен жасалған бетбелгі – досқа сыйлық» атты шығармашылық сәт өтті. Іс-шараны сынып жетекшісі Келесбаева Р.Т. ұйымдастырды. Оқушылар өз қиялдарын қолөнер арқылы көрсетіп, түрлі-түсті, әсем бетбелгілер жасады. Әр бала өз еңбегін досына сыйлап, мейірім мен достықтың мәнін ұғынды. 🌟  
ШАБЫТ ЖОБАСЫ
11
ноябрь
2025
ШАБЫТ ЖОБАСЫ
Бүгін мектебімізде 5–8 сыныптар арасында «Шабыт» атты театрланған қойылымдар өтті. Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, түрлі тақырыптағы көріністер ұсынды. Іс-шараның ұйымдастырушысы — Төлеутаева Ж.Ү. https://www.instagram.com/reel/DQ3yue_jYBl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==  
АДАЛ АЗАМАТ
10
ноябрь
2025
АДАЛ АЗАМАТ
«Адал азамат, адал еңбек – адал табыс» Мектебімізде 5–7 сынып оқушылары арасында «Адал азамат, адал еңбек – адал табыс» атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, өз еңбегімен табыс табудың маңызын ұғындыру болды. Оқушылар адал еңбек пен еңбектің жемісі туралы ой бөлісіп, көрініс көрсетіп, бейнеролик түрінде өз ойларын жеткізді. Тәрбие сағатын ұйымдастырған сынып жетекшілері: Ряшева М. Д., Исабекова А. К., Тезекова М. Е.
ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ‼
10
ноябрь
2025
ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ‼
«Жүргізушіге хат» 3 «А» сынып оқушылары арасында «Жүргізушіге хат» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты – оқушыларға жолда жүру мәдениетін үйрету, жауапкершілік пен қауіпсіздікке баулу болды. Балалар өз қолдарымен жүргізушілерге арнап хаттар жазып, ондағы тілектерінде жолда сақ болуды, жылдамдықты асырмауды, жаяу жүргіншілерге жол беруді өтінді. Бұл шара арқылы оқушылардың жол қауіпсіздігі туралы түсінігі кеңейіп, тәртіп пен қамқорлық сезімі қалыптасты. Іс-шараны ұйымдастырған
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ 
10
ноябрь
2025
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ 
 «Сүйікті кітапқа арналған үздік иллюстрация» Мектебімізде оқушылар арасында «Сүйікті кітапқа арналған үздік иллюстрация» атты байқау өтті. Байқаудың мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және сүйікті шығармаларының мазмұнын сурет арқылы бейнелеуге баулу. Оқушылар өздері сүйіп оқыған кітап кейіпкерлерін сурет арқылы тамаша жеткізді. Іс-шараны ұйымдастырған сынып жетекшісі – Кокумбаева А. Е.
АДАЛ АЗАМАТ
08
ноябрь
2025
АДАЛ АЗАМАТ
7 қараша күні 1-4 сыныптарда “Оян, ар мен адалдық!” тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Адалдық-ардың айнасы, ар-адамның жаны. Қазіргі заманда табыс пен даңқтың соңында ар мен адалдық ұмытылып бара жатқандай.Бірақ қоғамның шынайы күші-адал жандардың еңбегі мен арлы адамдардың сөзі. Сондықтан, оян, жүрегіңді тыңда! Оян, ар мен адалдықты оят! Өз ісіңмен өзгеге үлгі бол, адалдықты дәріпте дегіміз келеді.  

redvid esle

©2016-2023, Ресми сайт Жаңасемей ауданы білім бөлімінің "Знаменка жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722