Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Знаменка жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
ВАЛЮТА КҮНІ
17
ноябрь
2025
ВАЛЮТА КҮНІ
15 Қараша – Ұлттық валюта күні! Бүгін – еліміздің экономикалық тәуелсіздігінің басты нышандарының бірі теңгенің айналымға енгізілген күні. Бұл мереке ұлттық бірегейлігімізді, қаржылық тұрақтылығымызды және мемлекетіміздің даму жолындағы маңызды қадамды еске салады. Теңге – тәуелсіздігіміздің тұғыры, экономикалық еркіндігіміздің белгісі. Осы мереке баршаңызға құт-береке, мол табыс, тұрақтылық және игілік алып келсін! Ұлттық валюта күні құтты болсын! 🇰🇿
АДАЛ АЗАМАТ
13
ноябрь
2025
АДАЛ АЗАМАТ
«Жол ережесін білейік – аман-есен жүрейік!» атты іс-шара аясында 5–7 сынып оқушыларымен жол қозғалысы ережелерімен таныстыру жұмыстары өткізілді. Шара барысында оқушыларға жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, жол белгілерінің маңызы мен жолда жүру мәдениеті туралы түсіндірілді. Іс-шараны сынып жетекшілері Ряшева М.Д., Исабекова А.К., Тезекова М.Е. ұйымдастырды. Бұл шара оқушылардың жол қауіпсіздігі жөніндегі білімін нығайтып, сақтық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. 🚸
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
12
ноябрь
2025
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР апталығы аясында Кітапхана айлығының жоспарына сәйкес 4-сынып оқушылары арасында «Өз қолымен жасалған бетбелгі – досқа сыйлық» атты шығармашылық сәт өтті. Іс-шараны сынып жетекшісі Келесбаева Р.Т. ұйымдастырды. Оқушылар өз қиялдарын қолөнер арқылы көрсетіп, түрлі-түсті, әсем бетбелгілер жасады. Әр бала өз еңбегін досына сыйлап, мейірім мен достықтың мәнін ұғынды. 🌟  
КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ 
12
ноябрь
2025
КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ 
 Мектебімізде 9 және 11 сынып оқушылары арасында «Оқушылардың мамандық таңдауға дайындығын анықтау» атты сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың мақсаты – оқушылардың болашақ мамандыққа қызығушылығын және бейімділігін анықтау. Іс-шараны кәсіптік бағдар беруші Тезекова М.Е. ұйымдастырды. ​https://www.instagram.com/reel/DQ3zIA8Df37/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​  
ШАБЫТ ЖОБАСЫ
11
ноябрь
2025
ШАБЫТ ЖОБАСЫ
Бүгін мектебімізде 5–8 сыныптар арасында «Шабыт» атты театрланған қойылымдар өтті. Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, түрлі тақырыптағы көріністер ұсынды. Іс-шараның ұйымдастырушысы — Төлеутаева Ж.Ү. https://www.instagram.com/reel/DQ3yue_jYBl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==  
ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕН МЕКТЕПКЕ
07
ноябрь
2025
ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕН МЕКТЕПКЕ
1-сынып оқушыларының кітапхана тынысымен танысу сәті өтті. Бұл іс-шара барысында кішкентай оқушылар кітапхана ережелерімен, кітаптардың түрлерімен және оларды күтіп ұстау жолдарымен танысты. Балалар ертегілер әлеміне саяхат жасап, сүйікті кейіпкерлері жайлы қызықты әңгімелер тыңдады. Шараны ұйымдастырған – сынып жетекшісі Акашева А.С.  https://www.instagram.com/p/DQtN7rfjeir/?utm_source=ig_web_copy_link
ҚАУІПАІЗДІК САБАҒЫ
05
ноябрь
2025
ҚАУІПАІЗДІК САБАҒЫ
“Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік” жолда жүру ережесіне арналған челленджге қатысушы 1”А” сынып білім алушылары. Сынып жетекшісі Акашева Асел Серикболовна ​https://www.instagram.com/reel/DQoWrdfDbsB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 
ОТБАСЫЛЫҚ ОҚУ
03
ноябрь
2025
ОТБАСЫЛЫҚ ОҚУ
«Отбасылық оқу» тақырыбында Келесбаева Р.Т сынып жетекшілігімен «Отбасылық оқу» атты танымдық іс-шара өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, отбасында бірге оқу мәдениетін қалыптастыру және ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынасты нығайту болды. ​https://www.instagram.com/p/DQgoqF1DYtl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​  
РЕСПУБЛИКА КҮНІ
24
октябрь
2025
РЕСПУБЛИКА КҮНІ
🌏 “Туған жер ғажаптары” виртуалды экскурсиясы 🇰🇿 Республика күніне орай мектебімізде мектеп тәлімгері Тезекова М.Е. ұйымдастыруымен 6-7 сынып оқушыларына арналған “Туған жер ғажаптары” атты виртуалды экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында оқушылар Қазақстанның табиғаты көркем, тарихы терең аймақтарымен танысып, бейнероликтер арқылы еліміздің көрікті жерлеріне саяхат жасады. 🌄 Шараның мақсаты – оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, еліміздің табиғи және мәдени
РЕСПУБЛИКА КҮНІ
24
октябрь
2025
РЕСПУБЛИКА КҮНІ
“Отаным менің – Қазақстан!” поэзия оқулары ✨ Мектебімізде Республика күніне орай “Отаным менің – Қазақстан!” атты поэзия оқулары өтті. Шараның мақсаты – оқушылардың туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық рухты, отансүйгіштік сезімді дәріптеу. 📖 Оқушылар жүректен шыққан жыр жолдары арқылы елге, жерге, Тәуелсіз Қазақстанға деген махаббатын жеткізді.

redvid esle

©2016-2023, Ресми сайт Жаңасемей ауданы білім бөлімінің "Знаменка жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722