Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Знаменка жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
9 МАМЫР – ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ
11
май
2026
9 МАМЫР – ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ
9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай батырлар рухына тағзым етіліп, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Іс-шара барысында соғыс ардагерлерінің ерлігі мен ел үшін жасаған жанқиярлық еңбегі еске алынды. Бейбіт өмір сыйлаған батырларға құрмет көрсету – кейінгі ұрпақтың парызы. Ерлік ешқашан ұмытылмайды, батырлардың есімі мәңгі жүрегімізде сақталады. Баршаңызды 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Ашық аспан, амандық пен тыныштық тілейміз.
КӨРІКТІ ОРТА – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ
11
май
2026
КӨРІКТІ ОРТА – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ
Бүгін мектебімізде ерекше күн болды 🌿🌸 Оқушылар мен ұстаздар бірлесе отырып, мектеп ауласын көркейтіп, гүлдер ектік. Әрбір отырғызылған гүл – табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың белгісі. Мектеп алаңы енді бұрынғыдан да әсем, жайқалып, көңілге қуаныш сыйлайтын мекенге айналуда. Осындай игі істер арқылы біз қоршаған ортаны аялауды, еңбекқорлықты және бірлікті дәріптейміз. Таза әрі көрікті орта – жарқын болашақтың кепілі.
БЕЙБІТ АСПАН
11
май
2026
БЕЙБІТ АСПАН
Мектепалды сыныпта «Бейбіт аспан» тақырыбында суреттер сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар бейбіт өмір, ашық аспан, достық пен татулық туралы өз ойларын сурет арқылы бейнеледі. Шығармашылық жұмыс балалардың қиялын дамытып, Отанға деген сүйіспеншілік пен бейбіт өмірдің қадірін түсінуге тәрбиеледі. Әр баланың суретінде — мейірім, қуаныш және бейбіт болашаққа деген сенім көрініс тапты.
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП‼️
11
май
2026
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП‼️
Қоршаған әлеммен танысу сабағында балаларға ерекше әсер сыйлаған «Сиқырлы қораптағы 3D әлем» педагогикалық идеясы ұйымдастырылды. Қарапайым ұялы телефон мен пластик бөтелке арқылы 3D бейне көрсетіліп, балалар сиқырлы қораптың ішінен жануарлар мен табиғат әлемін тамашалады. Бұл әдіс балалардың қызығушылығын арттырып, зейінін шоғырландыруға, есте сақтау қабілетін дамытуға және жаңа технологиямен танысуына мүмкіндік берді. Сабақ барысында балалар: — таңғалды; — зерттеді; — өз ойларын айтты; —
МАМЫР АЙЫ-ЫНТЫМАҚ АЙЫ‼️
11
май
2026
МАМЫР АЙЫ-ЫНТЫМАҚ АЙЫ‼️
🇰🇿 Ұлы Жеңіс күніне орай 8–11 сынып оқушыларымен «Ерлікке тағзым» атты интерактивті тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушылар соғыс тарихына терең үңіліп, майдандағы ерлік пен тылдағы табандылық туралы маңызды деректермен танысты. Батырларымыздың өмір жолын талдау арқылы жас ұрпақ отансүйгіштік, батылдық, елге қызмет ету сынды асыл құндылықтарды бойына сіңірді. Іс-шарада тарихи сұрақ-жауап, пікірталас, бейнематериалдар және командалық тапсырмалар ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын
МАМЫР АЙЫ-ЫНТЫМАҚ АЙЫ‼️
11
май
2026
МАМЫР АЙЫ-ЫНТЫМАҚ АЙЫ‼️
Бейбіт өмір — батыр бабаларымыздың бізге қалдырған ең қымбат аманаты. Жеңіс күні қарсаңында бастауыш сынып оқушылары “Ақ көгершін” флешмобын өткізіп, бейбітшілік пен татулықтың символын көкке қалықтатты. Балалардың аппақ көгершіндері — мейірімнің, үміттің және жарқын болашаққа деген сенімнің белгісі. Осындай тәрбиелік шара арқылы жас ұрпақ ел тыныштығының қадірін түсініп, ерлікке тағзым етті. 🇰🇿 Ешқашан соғыс болмасын, көгімізде тек ақ көгершін қалықтасын! Ұлы Жеңістің рухы мәңгі жүрегімізде✨
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН
11
май
2026
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН
Бүгін ұжымымызбен сенбілікке шығып, тазалық жұмыстарын жүргіздік 🌿 Таза орта – өзіміз үшін! Бірлікпен атқарылған жұмыс әрқашан нәтижелі болады. Баршаңызды қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамыз! ​https://www.instagram.com/reel/DYKbA0atX3t/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 

redvid esle

©2016-2023, Ресми сайт Жаңасемей ауданы білім бөлімінің "Знаменка жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722