16
март
2026
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ
Наурызнама онкүндігі аясында 15 наурыз-Қайырымдылық күні деп белгіленді.
Мектебіміздің 8-11 сынып оқушылары арасында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты – оқушыларды мейірімділікке, жанашырлыққа, бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу және қоғамдағы мұқтаж жандарға қолдау көрсету.
Акция барысында оқушылар өз еріктерімен азық-түлік өнімдерін әкеліп әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж отбасына көмек көрсетті. Жиналған көмек отбасыға табысталып, оқушылар тарапынан ізгі ниет пен қолдау білдірілді.
Бұл қайырымдылық шарасы оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытып, үлкенге құрмет, кішіге қамқор болу сияқты тәрбиелік мәні бар жұмыстардың бірі болды.
https://www.instagram.com/reel/DV5JVbJiLEt/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==