Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Знаменка жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
ноябрь
2021

"Мектепке жол" акциясы

Оқушылардың мектепке баруын толық қамту туралы елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Знаменка орта мектебінде "Мектепке жол" акциясы жалғасуда. Акция мақсаты - аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады. 2017 жылы мектебімізде есімді кабинеттер ашылған болатын. Сол кабинеттің біріне Ахаева Зүпін Дүйсенбайқызының есімі берілген еді. Зүпін Дүйсенбайқызы мектепте ұзақ жылдар бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарған еді. Осы ұстаздың ұрпақтары Жұмағалиетар әулеті биылға жаңа оқу жылына анасының кабинетіне заманауи үлгідегі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жарқыратып қойды. Сонмен қатар, анасының оқу кабинетінде білім алып жатқан тәрбиеленушілерге "Мектепке жол" акциясы аясында оқу құралдарын сыйға тартты. "Адам бойындағы ізгі қасиет-жомарттық",-демекші анасының атын өшірмей, ары қарай әлі талай көмек көрсетуге ниеттерің білдіруде. Осындай меценаттарымызға әкімшілік пен ата-аналар атынан алғысымызды білдіреміз! 

redvid esle

©2016-2023, Ресми сайт Жаңасемей ауданы білім бөлімінің "Знаменка жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722