11
октябрь
2023
"Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығы"қалалық семинар
Знаменка орта мектебінде 11қазан 2023 жылы "Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтмақтастығы" тақырыбында тәжірибе алмасу мақсатында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының қатысуымен қалалық семинар өтті. Семинар бағдарламасы біртұтас тәрбие бағдарламасын оның ішінде ата-аналармен жұмыс жасауда тәрбиенің үздіксіздігі негізге алынды. Атап айтқанда, қатысушылар "Тәрбие - тал бесіктен" Әжелер мектебінің, өткізгендер Кенжебаева гульшат Мадиевна, Исабекова Альмира Кабдулкаримовна; "Оқысаңыз, балалар, шамнан шырақ жағылар..." Оқуға құштар мектеп жобасы аясындағы ойын-сабақ, өткізгендер Акашева Асель Серикболовна, Келесбаева Раушан Толегеновна, Исабекова Гульсим Сагатбековна; "Адал ұрпақ-Мәңгілік елдің болашағы" мектебіміздің түлектері, медицина саласының мамандары Семей қаласының жедел жәрдем ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Тулеуов Базар Масхутович пен Койшыбаев Толеугали Нургалиевичпен дөңгелек үстел, өткізгендер Машенова Алмагуль Алимовна, Ряшева Меруерт Думанбековна; "Отбасы құндылығы-ұлт қазынасы" ата-аналармен шебер сынып, "Бала өмірі-басты құндылық"ата-аналар жиналысы, "Әке көрген оқ жонар..." Әкелер кеңесінің жұмысымен, өткізгендер Кокумбаева Айжан Есенгельдиевна, Серікқали Жаннұр Ерболқызы, Кайроллин Алмас Бактиярович, Жуматаев Асет Дюсенгалиевич; оның ішінде ат әбзелдері туралы түсінік беріліп, ұлттық ойын "Көкпар" тамашалады. Семинар соңында "Төрт тоқсан-төрт өнер" тұжырымдамасының "Ақындар айтысы"жобасын іске асыру аясында "Айтыс-жыр барымтасы" ақындар айтысын тамашалады және "Ауылдың алты ауызы" тақырыбында мерекелік шағын бағдарлама көрсетілді. Мерекелік бағдарламад ардагерлер кеңесінің мүшесі ардагер-ұстаз Ксенбаева Роза Нұрбатырқызы өнерімен тамсандырды. Семинар қонақтары кері байланыс жасап, жақсы тілектерімен бөлісті.

















