"Отбасы-бақыт мекені" республикалық акция
«Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Семей қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Знаменка жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
10-14 қыркүйек 2021 жылы аралығында өткен «Отбасы-бақыт мекені» республикалық апталық туралы
АҚПАРАТ
«Знаменка жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 2021 жылы
10-14 қыркүйек аралығында «Отбасы күні» мерекесіне арналған іс-шаралар өткізілді. Апталықты «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында буын-буынмен өткізуді жоспарладық.
1-2 сыныптар аарсында «Менің жанұям» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды. «Отбасы-шағын мемлекет» тақырыбындағы видеороликтер челленджі 3-4 сыныптар арасында өтті. 5-6 сыныпытар «Отбасы-адам тұлғасының бесігі» атты өнер байқауын жолдады. 7-8 сыныптар арасында «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» тақырыбында қолөнер байқауы ұйымдастырылды. «Ата-анама алғысым шексіз» челленджі 9-11 сынып оқушылары арасында өтті. Осы апталық аясында онлайн жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Барлық жұмыстар #2021отбасыкүнісемей хэштегімен мектептің әлеуметтік парақшасында жарияланды.

