Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Знаменка жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Знаменка ЖОББМ" КММ бойынша асхананы тексеру мониторингі
03
ноябрь
2021

"Знаменка ЖОББМ" КММ бойынша асхананы тексеру мониторингі

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 

«Знаменка жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – де 

2021-2022 оқу жылы қазан айында асхананы тексеру мониторингі туралы

АҚПАРАТ

      Мектеп асханасы мектептің 1 қабатында орналасқан, асхана іші көркем әсемделген. Асхананың кезекшілік кестесі құрылып , белгіленген уақыт бойынша білім алушылар уақытында тамақтанады. Аз қамтылған отбасы балаларын тегін ыстық тамақпен қамтуға байланысты мектеп директорының бұйрығы шығарылған. Білім алушыларды ыстық тамақпен қамтуға байланысты жұмыс жоспары құрылған. Санитарлық талапқа сай тамақтануын қадағалау мақсатында ТЖЖО, медбикеден құрылған комиссия жұмыс атқарады. Тамақтануға 15 минут қалғанда мектеп медбикесі арнайы дайындалған мәзірді тексеруден өткізеді. Осы комиссия дайындалған тағамның сапасын көріп, қатаң бақылап арнайы журналға қолдарын қойып белгілейді.

І-тоқсанның алғашқы айларында  мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайына   тексеру жұмыстары жүргізіліп, төмендегідей қорытынды шығарылды:

  1. Тексеру үстінде барлық асхана қызметкерлерінің жұмысқа рұқсаты бар санитарлық кітапшалары бар, вакцинация паспорты шығарылған. 
  2. Ыдыстарды жуып тазалайтын дезинфекциялық ұнтақтары бар. 
  3. Перспективалық және күнделікті ас мәзірі жасалған және сақталады. 
  4. Тоңазытқышта азық-түліктердің көршілестігі сақталады, арнайы маркіленген ыдыстарда бракераж жасалатын тағамдар салынған. Бракераж журналы мен асхана қызметкерлерінің денсаулығын қадағалайтын журналдары тексерілді. Журналдар уақытылы толтырылған, арнайы жауапты қызметкерлердің қолдары қойылған. 
  5. Пищеблоктың санитарлық-гигиеналық жағдайы қанағаттанарлық, ыдыстарды жуу тәртібі сақталады.  
  6. Ыдыстардың, пышақтардың, тақтайшалардың маркировкасы бар. 
7.Үстел үсті сүртілген, ескертулер жоқ.

redvid esle

©2016-2023, Ресми сайт Жаңасемей ауданы білім бөлімінің "Знаменка жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722