11
март
2026
КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР
Көпбалалы аналар-отбасының ғана емес, тұтас қоғамның берекесі мен ырысы.
Аналық жүрек-шексіз мейірімнің мекені. Ал көпбалалы ана-сол мейірімді бірнеше жүрекке бөліп, әрқайсына теңдей жылу сыйлайтын ерекше жан. Әр таңын бала күлкісімен бастап, әр күнін олардың бақыты үшін арнайтын аналардың еңбегі өлшеусіз.
Көпбалалы ана болу-үлкен жауапкершілік, үлкен сабыр, үлкен жүрек. Олардың төзімі-таудай, махаббаты-теңіздей терең. Осындай аналардың арқасында ұрпақ жалғасып, елдің ертеңі нұрлы болмақ.
Барша көпбалалы аналарға алғысымыз шексіз. Сіздер-нағыз батыр аналарсыздар. Жүректеріңіз әрқашан қуанышқа толсын🙏🏻
8-10 сынып оқушылары атынан шаңырақтың ұйытқысы, ұрпақтың алтын көпірі болып отырған көпбалалы аналарға тағзым етіп, алтын алқалармен марапатталды.
Сынып жетекшілері Айжан Есенгельдиевна, Гүлім Төлеуовна және Жұлдыз Үннісқызы.
https://www.instagram.com/reel/DVszwPaCN7b/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==