ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ
«Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» (2–4 сыныптар) Бүгін мектебімізде 2–4 сынып оқушыларының қатысуымен «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» атты танымдық іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін арттыру, жолда жүру кезінде қауіпсіздік сақтау дағдыларын қалыптастыру. Оқушылар бағдаршам түстерінің мағынасын, жаяу жүргінші жолының ережелерін қайталап, жол белгілерін таныды. Сондай-ақ, түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.