ӨНЕГЕЛІ 15 МИНУТ
Анасы мен қызының арасындағы еңбек – мейірім мен тәрбиенің алтын көпірі. Ананың жанында жүріп, іс үйренген қыз ұқыптылыққа, инабаттылыққа, шеберлікке баулиды. Бірге істеген әрбір жұмыс – тек еңбек емес, ол – сырласу, үлгі, өмір сабағы. Ана өнегесі – қыз болашағының шамшырағы. Ортақ еңбек арқылы махаббат та, сенім де арта түседі. “ Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала” байқауына қатысқан мектепалды тәрбиеленушісі Дюсенғали Көркем Әсетқызы және анасы Гүлім.