08
сентябрь
2025
ЕРЛІК САБАҒЫ🇰🇿
Ел үшін қызмет ету-ең жоғары миссия!
Еліміздің барлық білім беру ордаларында 2-5 қыркүйек аралығында мектептерде әскери қызметшілердің қатысуымен “Біртұтас ел-біртұтас жер” атты бірыңғай ерлік сабағы өтті.
Бұл - жас ұрпақтың жүрегіне отансүйгіштік рух ұялататын, Тәуелсіз еліміздің өткені мен бүгіні туралы терең ой салып, болашаққа нық қадам басуға қалыптастырады.
Ерлік сабағын өткізуге келген қонақтарымыз Шығыс өңірлік қолбасшылығына қарасты, 11098 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары капитан Байымбет Ернур Қайратұлы оқушылармен әскери жолда жүрген сарбаздардың тыныс-тіршілігімен таныстырды.
Отанды сүю- тек сөзбен емес, іспен дәлелденеді. Ал ең үлкен дәлел - Отан қорғауға аттану. Әрине, ерлік - тек соғыста ғана емес, бейбіт күнде де танылады: білім алу, елге қызмет ету, ұлттық болмысты сақтау- бұл да бүгінгі ерлік🇰🇿