"Мектебім - мейірім мекені!"
Алғашқы қоңырау - жаңа бастаманың күні! Мектеп ауласы қайтадан балалардың шат күлкісіне, гүл мен кітап иісіне толып, ұстаздар мен ата-аналардың қуанышы жарасқан ерекше күн. Бүгін кішкентай бүлдіршіндеріміз алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, білім жолына қадам басуда. Ал жоғары сынып оқушылары үшін бұл-алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруға тағы бір мүмкіндік. Бүгін 1-ші қыркүйек күні Знаменка орта мектебінде білімнің алтын есігін ашқан алғашқы қоңырау салтанатты түрде өтті.