Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Знаменка жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
 ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
13
ноябрь
2025
 ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Кітапхана айлығы аясында «Өз қолымен жасалған бетбелгі – досқа сыйлық» атты шығармашылық сәт өтті. Іс-шараны сынып жетекшісі Кенжебаева Г.М. ұйымдастырды. Оқушылар өз қолдарымен түрлі-түсті, әсем бетбелгілер жасап, оларды достарына сыйлады. 💫 Бұл шараның мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, достық пен сыйластық сезімін дамыту, сондай-ақ қолөнер арқылы шығармашылық қабілеттерін жетілдіру. 🌈📖 Кітапхана айлығы аясында өткізілген “Кітап сыйла” акциясына 9 «А» сынып оқушылары
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ
13
ноябрь
2025
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ
«Ұлттық мектеп лигасы» аясында 8–11 сынып оқушылары арасында спорттық жарыстар өткізілді. 🏆 Жарыстың негізгі мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға, спортқа деген қызығушылығын арттыруға, достық пен командалық рухты нығайтуға бағытталды. Оқушылар түрлі спорт түрлері бойынша өз шеберліктерін көрсетіп, белсенділік танытты. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар бір-біріне қолдау білдіріп, әділ сайыс өтті. ⚽🏀🏐
АДАЛ АЗАМАТ
13
ноябрь
2025
АДАЛ АЗАМАТ
«Жол ережесін білейік – аман-есен жүрейік!» атты іс-шара аясында 5–7 сынып оқушыларымен жол қозғалысы ережелерімен таныстыру жұмыстары өткізілді. Шара барысында оқушыларға жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, жол белгілерінің маңызы мен жолда жүру мәдениеті туралы түсіндірілді. Іс-шараны сынып жетекшілері Ряшева М.Д., Исабекова А.К., Тезекова М.Е. ұйымдастырды. Бұл шара оқушылардың жол қауіпсіздігі жөніндегі білімін нығайтып, сақтық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. 🚸

redvid esle

©2016-2023, Ресми сайт Жаңасемей ауданы білім бөлімінің "Знаменка жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722