Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Знаменка жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
ДОСБОЛLIKE
17
ноябрь
2025
ДОСБОЛLIKE
«Біз – командамыз» атты тимбилдинг ойыны қоңырау уақытында оқушылармен өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында бірлік, өзара қолдау мен ұйымшылдықты қалыптастыру болды. Ойын барысында балалар түрлі қызықты тапсырмалар орындап, командалық рухты сезінді. Шара оқушыларға жақсы көңіл күй мен жаңа серпін сыйлады. Іс-шараны ұйымдастырған – мектеп тәлімгері Тезекова М. Е. және педагог-ұйымдастырушы Ахметова Г. К.
ВАЛЮТА КҮНІ
17
ноябрь
2025
ВАЛЮТА КҮНІ
15 Қараша – Ұлттық валюта күні! Бүгін – еліміздің экономикалық тәуелсіздігінің басты нышандарының бірі теңгенің айналымға енгізілген күні. Бұл мереке ұлттық бірегейлігімізді, қаржылық тұрақтылығымызды және мемлекетіміздің даму жолындағы маңызды қадамды еске салады. Теңге – тәуелсіздігіміздің тұғыры, экономикалық еркіндігіміздің белгісі. Осы мереке баршаңызға құт-береке, мол табыс, тұрақтылық және игілік алып келсін! Ұлттық валюта күні құтты болсын! 🇰🇿
АДАЛ АЗАМАТ
17
ноябрь
2025
АДАЛ АЗАМАТ
16 қараша – Халықаралық толеранттылық күніне орай мектебімізде танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды өзге ұлт өкілдерін құрметтеуге, адамгершілікке, өзара түсіністік пен бейбітшілікке тәрбиелеу. Оқушылар толеранттылық туралы ой-пікірлерін ортаға салып, қызықты сұрақтарға жауап берді. Шара достық пен сыйластық рухында өтті. Іс-шараны ұйымдастырған – педагог-ұйымдастырушы Ахметова Г. К.
КӘСІПТІК БАҒДАР
17
ноябрь
2025
КӘСІПТІК БАҒДАР
Кәсіптік бағдар сабағы оқушылар үшін пайдалы әрі шабытқа толы түрде өтті! 💡 Сабақ барысында балалар әртүрлі мамандықтар туралы кең мағлұмат алып, өз қызығушылықтары мен қабілеттерін саралады. Оқушылар болашақта кім болғысы келетінін ой елегінен өткізіп, өз бағыттарын айқындап, жаңа мақсаттар қойды. Кәсіптік бағдар беруші: Тезекова М.Е. https://www.instagram.com/reel/DQ_KRrHDeT2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

redvid esle

©2016-2023, Ресми сайт Жаңасемей ауданы білім бөлімінің "Знаменка жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722