Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Знаменка жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Ноябрь 2025 года » Страница 3
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ
13
ноябрь
2025
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ
«Ұлттық мектеп лигасы» аясында 8–11 сынып оқушылары арасында спорттық жарыстар өткізілді. 🏆 Жарыстың негізгі мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға, спортқа деген қызығушылығын арттыруға, достық пен командалық рухты нығайтуға бағытталды. Оқушылар түрлі спорт түрлері бойынша өз шеберліктерін көрсетіп, белсенділік танытты. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар бір-біріне қолдау білдіріп, әділ сайыс өтті. ⚽🏀🏐
АДАЛ АЗАМАТ
13
ноябрь
2025
АДАЛ АЗАМАТ
«Жол ережесін білейік – аман-есен жүрейік!» атты іс-шара аясында 5–7 сынып оқушыларымен жол қозғалысы ережелерімен таныстыру жұмыстары өткізілді. Шара барысында оқушыларға жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, жол белгілерінің маңызы мен жолда жүру мәдениеті туралы түсіндірілді. Іс-шараны сынып жетекшілері Ряшева М.Д., Исабекова А.К., Тезекова М.Е. ұйымдастырды. Бұл шара оқушылардың жол қауіпсіздігі жөніндегі білімін нығайтып, сақтық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. 🚸
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
12
ноябрь
2025
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР апталығы аясында Кітапхана айлығының жоспарына сәйкес 4-сынып оқушылары арасында «Өз қолымен жасалған бетбелгі – досқа сыйлық» атты шығармашылық сәт өтті. Іс-шараны сынып жетекшісі Келесбаева Р.Т. ұйымдастырды. Оқушылар өз қиялдарын қолөнер арқылы көрсетіп, түрлі-түсті, әсем бетбелгілер жасады. Әр бала өз еңбегін досына сыйлап, мейірім мен достықтың мәнін ұғынды. 🌟  
ОЛИМПИАДА
12
ноябрь
2025
ОЛИМПИАДА
Лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының аудандық кезеңіне белсене қатысып, жүлделі ІІ орын 9 А сынып оқушысы Бақтиярова Інкәр Алмасқызы. Жетекшісі: Кокумбаева А.Е. Лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының аудандық кезеңіне белсене қатысқан 8 А сынып оқушысы Амиргалиев Алдияр Ғабитұлы. Жетекшісі: Кокумбаева А.Е. І ДӘРЕЖЕЛІ Республикалық «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңінің жеңімпазы 10 сынып оқушысы Нурланұлы Манарбек дайындаған
АЛТЫН ТҰҒЫР
12
ноябрь
2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының аудандық/қалалық кезеңінде жоғары нәтижелерге қол жеткізді! 🎉 І дәрежелі диплом иегері – Ахметова Анара Сапарбековна ІІ дәрежелі диплом иегері – Узакбаева Салтанат Суниятовна Ұстаздарымыздың еңбегі мен білімге деген құштарлығы, үздік тәжірибесі мен жауапкершілігі осындай биік жетістіктерге жетеледі. Сіздерге шығармашылық табыс, кәсіби өсу және жаңа жеңістер тілейміз!
КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ 
12
ноябрь
2025
КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ 
 Мектебімізде 9 және 11 сынып оқушылары арасында «Оқушылардың мамандық таңдауға дайындығын анықтау» атты сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың мақсаты – оқушылардың болашақ мамандыққа қызығушылығын және бейімділігін анықтау. Іс-шараны кәсіптік бағдар беруші Тезекова М.Е. ұйымдастырды. ​https://www.instagram.com/reel/DQ3zIA8Df37/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​  
ШАБЫТ ЖОБАСЫ
11
ноябрь
2025
ШАБЫТ ЖОБАСЫ
Бүгін мектебімізде 5–8 сыныптар арасында «Шабыт» атты театрланған қойылымдар өтті. Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, түрлі тақырыптағы көріністер ұсынды. Іс-шараның ұйымдастырушысы — Төлеутаева Ж.Ү. https://www.instagram.com/reel/DQ3yue_jYBl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==  
АДАЛ АЗАМАТ
10
ноябрь
2025
АДАЛ АЗАМАТ
«Адал азамат, адал еңбек – адал табыс» Мектебімізде 5–7 сынып оқушылары арасында «Адал азамат, адал еңбек – адал табыс» атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, өз еңбегімен табыс табудың маңызын ұғындыру болды. Оқушылар адал еңбек пен еңбектің жемісі туралы ой бөлісіп, көрініс көрсетіп, бейнеролик түрінде өз ойларын жеткізді. Тәрбие сағатын ұйымдастырған сынып жетекшілері: Ряшева М. Д., Исабекова А. К., Тезекова М. Е.
ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ‼
10
ноябрь
2025
ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ‼
«Жүргізушіге хат» 3 «А» сынып оқушылары арасында «Жүргізушіге хат» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты – оқушыларға жолда жүру мәдениетін үйрету, жауапкершілік пен қауіпсіздікке баулу болды. Балалар өз қолдарымен жүргізушілерге арнап хаттар жазып, ондағы тілектерінде жолда сақ болуды, жылдамдықты асырмауды, жаяу жүргіншілерге жол беруді өтінді. Бұл шара арқылы оқушылардың жол қауіпсіздігі туралы түсінігі кеңейіп, тәртіп пен қамқорлық сезімі қалыптасты. Іс-шараны ұйымдастырған

redvid esle

©2016-2023, Ресми сайт Жаңасемей ауданы білім бөлімінің "Знаменка жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722