Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Знаменка жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
8 – НАУРЫЗ
06
март
2026
8 – НАУРЫЗ
Алдағы келе жатқан көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мектебіміздің оқушы ұлдары қыздарымызды жылы лебізбен құттықтады. Ұлдарымыз қыздарға ізгі тілектерін айтып, шағын сыйлықтарын табыстап, мерекелік көңіл күй сыйлады. Бұл іс-шара оқушылар арасындағы сыйластық пен құрметті арттыруға бағытталды.💐💐💐💐💐🌺🌺🌺🌺🌷🌷🌷🌷🌷Ұйымдастырушы: мектеп тәлімгері Тезекова М.Е. https://www.instagram.com/reel/DVfm6EJiET4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
ӨНЕГЕЛІ 15 МИНУТ
06
март
2026
ӨНЕГЕЛІ 15 МИНУТ
Әке мен бала арасындағы еңбек – тәрбиенің ең асыл жолы. Әкенің қасында жүріп, іс үйренген бала төзімділікке, жауапкершілікке, ұқыптылыққа баулиды. Ортақ еңбек – тек жұмыс емес, ол – әңгіме, ақыл, үлгі, сенім. Әке қолынан іс келсе, бала жүрегіне ізгілік ұялайды. Бірге атқарылған әрбір іс – болашаққа салынған берік негіз. “Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала” байқауына қатысқан мектепалды сынып тәрбиеленушілері: Маратов Алдияр және әкесі Жандос Нурушев; Жарапазанов Ислам және әкесі Серікқазы
ӨНЕГЕЛІ 15 МИНУТ
06
март
2026
ӨНЕГЕЛІ 15 МИНУТ
Анасы мен қызының арасындағы еңбек – мейірім мен тәрбиенің алтын көпірі. Ананың жанында жүріп, іс үйренген қыз ұқыптылыққа, инабаттылыққа, шеберлікке баулиды. Бірге істеген әрбір жұмыс – тек еңбек емес, ол – сырласу, үлгі, өмір сабағы. Ана өнегесі – қыз болашағының шамшырағы. Ортақ еңбек арқылы махаббат та, сенім де арта түседі. “ Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала” байқауына қатысқан мектепалды тәрбиеленушісі Дюсенғали Көркем Әсетқызы және анасы Гүлім.
🌺АНА МЕН ҚЫЗ🌺
06
март
2026
🌺АНА МЕН ҚЫЗ🌺
Ана мен қыз-бір жүректің дүрсілі. Екеуінің арасындағы байланысты сөзбен толық айтып жеткізу мүмкін емес. Ана-өмірге жол көрсететін шамшырақ болса, қыз-сол шамның жарығын жалғастыратын нұр. Қыз бақытты болса-ананың жүрегі тыныш. Ана бақытты болса-қыздың өмірі нұрлы. Ана қызына өмірдің барлық жақсысын бергісі келеді:жылуын, мейірімін,ақылын,дұғасын… Кейде қатты сөйлейді, кейде үнсіз алаңдайды, бірақ бәрінің артында тек бір ғана нәрсе бар-шексіз махаббат❤️ Қыз есейген сайын түсіне бастайды: ананың
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
06
март
2026
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
“Заң және тәртіп” идеологемасын ілгерілету жөніндегі облыстық жоспарына сәйкес, 5 наурыз күні 9-11 сынып оқушылары арасында “Қылмыссыз ортаны құру-қоғам міндеті” тақырыбында бірыңғай диктант жазу ұйымдастырылды.  https://www.instagram.com/p/DVfedLzCJXC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
ЖҮРЕКТЕР ДИАЛОГЫ
06
март
2026
ЖҮРЕКТЕР ДИАЛОГЫ
Жүректер диалогы-жүректен жүрекке жол тапқан кездесу. 5 наурыз күні мектебімізде психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мүшелері психолог Жанар Турсыновна және сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен аналар мен қыздар арасында эмоцияналды жақындықты, отбасындағы қақтығыстардың алдын алуға жағдай жасау мақсатында “Жүректер диалогы” ашық диалог бірыңғай іс-шара практикалық бағытта өтті. Жүректер диалогы-бұл жай ғана әңгіме емес, бұл жүректердің шынайы байланысы. Бұл кездесуде әр жүректің өз

redvid esle

©2016-2023, Ресми сайт Жаңасемей ауданы білім бөлімінің "Знаменка жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722