АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАР
Туберкулёздің алдын алу-маңызды міндет! Знаменка орта мектебінде оқушылар арасында туберкулёздің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, барлық сынып оқушылары “Туберкулёз деген не?” тақырыбында диктант жазды. Оқушыларға туберкулёз ауруының белгілері мее жұғу жолдары түсіндірілді. Дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы айтылды. Туберкулёздің алдын алу-әр адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауынан басталады.