Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Знаменка жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
апрель
2026

ЖАС МАМАНДАР АПТАЛЫҒЫ

Апталық аясында жас мамандардың ұйымдастыруымен ашық сабақтар мен көңілді үзілістер өткізілді.

Ашық сабақтар барысында жас ұстаздар заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті.Атап айтқанда мектеп алды сынып тәрбиешісі Қайроллина Әйгерім Төлеуқадрқызы, тарих - география пәнінің мұғалімі Жуматаева Гүлім Төлеуқызы, математика пәнінің мұғалімі Асхат Жанел Асхатқызы, педагог ұйымдастырушы Ахметова Гулден Кайратовна, “Балауса” шағын орталық ересек топ тәрбиешісі Онгарбаева Раушан Әнуарбекқызы, АӘД пән мұғалімі Кәкенұлы Әлішер, кәсіптік бағдар беруші Тезекова Мөлдір Ермековна, химия-биология пәнінің мұғалімі Төлеутаева Жұлдыз Үннісқызы ашық сабақ пен сыныптан тыс іс шараларды мазмұнды әрі қызықты өткізіп, оқушылардың белсенділігін арттыруға бағыттап отырды. Сонымен қатар, тәжірибелі педагогтар тарапынан әдістемелік кеңестер беріліп, өзара тәжірибе алмасу жүзеге асты.

Көңілді үзілістерде оқушыларға арналған түрлі ойындар, сергіту жаттығулары мен танымдық шаралар ұйымдастырылып, мектеп қабырғасында ерекше көтеріңкі көңіл-күй қалыптасты.

Бұл іс-шаралар жас мамандардың шығармашылық ізденісін арттырып, олардың кәсіби дамуына серпін берді‼️
https://www.instagram.com/reel/DXCQ_oNjeMj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​

redvid esle

©2016-2023, Ресми сайт Жаңасемей ауданы білім бөлімінің "Знаменка жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722