Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Знаменка жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
🌸1 МАМЫР — БІРЛІК КҮНІ🌸
01
май
2026
🌸1 МАМЫР — БІРЛІК КҮНІ🌸
Бүгін мектебімізде Қазақстан халықтарының бірлігіне арналған ерекше мерекелік шара өтті 🇰🇿✨ Оқушылар әр ұлттың мәдениетін таныстырып, ұлттық киімдер киіп, ән айтып, би билеп, достық пен татулықтың маңызын көрсетті. Бұл күн — бірлік пен ынтымақтың, сыйластық пен құрметтің мерекесі. Әртүрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан еліміз үшін бұл күннің орны ерекше 🤝 Баршаңызға бейбіт өмір, береке-бірлік тілейміз! 💙
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП‼️
01
май
2026
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП‼️
«Заң және тәртіп – бала көзімен» тақырыбында педагогтер әзірлеген педагогикалық идеялар, дидактикалық құралдар, жобалар мен бейнересурстар фестивалі өтті. Фестиваль аясында «Кішкентай тәртіп сақшылары» бағыты бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып, тәртіп, жауапкершілік және қауіпсіздік ережелерін меңгеруіне ықпал етті. Педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи әдіс-тәсілдер арқылы бала тәрбиесінде заң мен тәртіптің маңыздылығын көрсетті. Бірлесе
ТҮЛЕКТЕР АЛЛЕЯСЫ‼️
01
май
2026
ТҮЛЕКТЕР АЛЛЕЯСЫ‼️
29 сәуір-игі істерге толы күн. Президент Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ “Таза Қазақстан” тұжырымдамасы мен “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Республикалық ағаш егу челленджі өтті. Осы игі бастама шеңберінде мектебіміздің 11 “А” сынып түлектері және сынып жетекшісі Жаннұр Ерболқызы “Бір түлек-бір тал” ұранымен, мектеп бақшасына алма, алмұрт, шие, шабдалы және басқа да жеміс ағаштарын отырғызды. Түлектер өз қолдарымен”Түлектер аллеясын” қалыптастырып, мектепке деген
ТҮЛЕКТЕР АЛЛЕЯСЫ‼️
01
май
2026
ТҮЛЕКТЕР АЛЛЕЯСЫ‼️
29 сәуір-игі істерге толы күн. Президент Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ “Таза Қазақстан” тұжырымдамасы мен “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Республикалық ағаш егу челленджі өтті. Осы игі бастама шеңберінде мектебіміздің 11 “А” сынып түлектері және сынып жетекшісі Жаннұр Ерболқызы “Бір түлек-бір тал” ұранымен, мектеп бақшасына алма, алмұрт, шие, шабдалы және басқа да жеміс ағаштарын отырғызды. Түлектер өз қолдарымен”Түлектер аллеясын” қалыптастырып, мектепке деген
КӘСІПТІКБАҒДАР
01
май
2026
КӘСІПТІКБАҒДАР
Мектебімізде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 9–11 сынып оқушыларымен маңызды кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледжі өкілдері арнайы келіп, оқушылармен мазмұнды сұхбат жүргізді. Кездесу барысында оқу орнының мамандықтары, қабылдау талаптары, білім алу мүмкіндіктері мен болашақтағы сұранысқа ие кәсіптер туралы жан-жақты ақпарат берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер оқушылардың кәсіби
КӘСІПТІКБАҒДАР
30
апрель
2026
КӘСІПТІКБАҒДАР
Мектебімізде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 9-сынып оқушыларымен маңызды кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге @jas_abay мектебі өкілі Садықов Ерсін Ерлікұлы арнайы келіп, оқушылармен мазмұнды сұхбат жүргізді. Сұхбат барысында оқушыларға мамандық таңдау, болашаққа дұрыс бағыт алу, қазіргі заман талабына сай сұранысқа ие кәсіптер туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Осындай кездесулер жас буынның кәсіби бағыт-бағдарын
КӘСІПТІКБАҒДАР
30
апрель
2026
КӘСІПТІКБАҒДАР
Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында кездесу өткізілді 🎓 Мектебіміздің кәсіптік бағдар берушісі Тезекова Мөлдір Ермековнаның ұйымдастыруымен 9–11 сынып оқушыларымен маңызды кездесу өтті. Кездесуге Шәкәрім университеті өкілі Айтказин Алдияр және Шәкәрім жоғары колледжі өкілі Жумагулов Берик Бекенович арнайы келіп, оқушылармен сұхбат жүргізді. Кездесу барысында оқу орындары туралы толық ақпарат беріліп, мамандық таңдау, грант мүмкіндіктері мен болашақтағы сұранысқа ие мамандықтар жайында кеңінен
ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ
30
апрель
2026
ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ
Таңғы жаттығу өткізілді 🏃‍♀️ Бүгін мектебімізде оқушылардың денсаулығын нығайту, сергектік пен көтеріңкі көңіл күй қалыптастыру мақсатында таңғы жаттығу ұйымдастырылды. Таңғы таза ауада жасалған жаттығу балаларға ерекше күш-қуат беріп, күнді жақсы көңіл күймен бастауға мүмкіндік жасады. Оқушылар белсенді қатысып, әр қимылды қызығушылықпен орындады. Мұндай жаттығулар салауатты өмір салтын қалыптастыруға, тәртіп пен ұйымшылдыққа баулиды.
ЗЕРДЕЛІ ҰРПАҚ
29
апрель
2026
ЗЕРДЕЛІ ҰРПАҚ
2026 жылдың 28 сәуір күні Түрксіб ЖОББМ мектебінде Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша Зерделі ақыл-ой дамыту орталығы ұйымдастыруымен 3-сынып оқушылары арасында “Зерделі ұрпақ” олимпиадасы өтті. Аталған білім сайысында Знаменка жалпы орта білім беретін мектебі КММ-нің 3 “А” сынып оқушылары өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп, І орын иеленді. Жас жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестерді бағындырып, жетістіктеріңіз арта берсін!
ЗЕРДЕЛІ ҰРПАҚ
27
апрель
2026
ЗЕРДЕЛІ ҰРПАҚ
«Знаменка ЖОББМ» КММ-нің 3 – сынып оқушылары «Зерделі ұрпақ» олимпиадасының белсенді қатысушылары. Зерек ұл мен қыз елдің ең қымбат байлығы. Оқушыларымызға білім додасында жеңістерге жетіп, биіктерден көрінуді тілейміз! «Зерделі ұрпақ, елдің ертеңгі тірегі» ​https://www.instagram.com/reel/DXjYYxmDeT3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 

redvid esle

©2016-2023, Ресми сайт Жаңасемей ауданы білім бөлімінің "Знаменка жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722