Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Знаменка жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
🌺НАУРЫЗ🌺НАУРЫЗ🌺
20
март
2026
🌺НАУРЫЗ🌺НАУРЫЗ🌺
Мектепалды сыныбымызда Наурыз мейрамы ерекше көңіл-күймен аталып өтті. Балалармен бірге дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды. Сонымен қатар, бүлдіршіндеріміз ұлттық ойындар ойнап, салт-дәстүрімізбен жақынырақ танысты. Бұл мереке балаларға бірлік пен достықтың, ұлттық құндылықтардың маңызын ұғындыруға үлкен мүмкіндік берді. Баршаңызды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Ақ мол болсын, береке-бірлік әр үйге толсын!
🌺НАУРЫЗ🌺НАУРЫЗ🌺
20
март
2026
🌺НАУРЫЗ🌺НАУРЫЗ🌺
Шағын-орталық тобында Наурыз мерекесі ерекше көңіл-күймен аталып өтті. Балалар ұлттық киім киіп, салт-дәстүрлермен танысып, ән айтып, би билеп, мерекенің сәнін кіргізді. Әрбір сәт қуаныш пен шаттыққа толы болды🌺 Бұл мереке арқылы бүлдіршіндеріміз ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, дәстүрге деген сүйіспеншілігін арттырды. Наурыз құтты болсын🌺Әр шаңыраққа береке, бірлік, молшылық тілейміз🌺  https://www.instagram.com/reel/DWEL1dqiGPr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
ЖАҢАРУ КҮНІ‼️
20
март
2026
ЖАҢАРУ КҮНІ‼️
Робототехника-болашақтың кілті… Бүгін 19 наурыз Жаңару күніне орай робототехника саласындағы жобалармен таныстырып, өз идеяларымызбен бөлістік. Әрбір жоба-үлкен еңбектің және технологияға деген қызыгушылықтың нәтижесі. ⚙️Ақылды роботтар ⚙️Автоматтандырылған жүйелер ⚙️Инновациялық шешімдер Осындай жобалар арқылы біз тек білімімізді жетілдіріп қана қоймай, болашақ маман ретінде өз орнымызды қалыптастырамыз.
ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН
20
март
2026
ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН
Мектебімізде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай мазмұнды әрі тағылымы мол іс-шара өткізілді. Бұл мерекелік кеште ұлттық салт-дәстүрлеріміз насихатталып, оқушыларымыз қазақ халқының бай мәдениеті мен рухани құндылықтарын кеңінен таныстырды. Іс-шара барысында ән айтылып, би биленіп, ұлттық ойындар ойнатылды. Көріністер арқылы ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлер дәріптеліп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген
СҮЙІНШІ‼️СҮЙІНШІ‼️
19
март
2026
СҮЙІНШІ‼️СҮЙІНШІ‼️
Ұлттық ойын-ұлт қазынасы… Бүгін мектебіміздің оқушылары ұлттық дәстүрді дәріптеп, тұлпарларына мініп, 20 наурыз күні сағат 10:00-де Жаңасемей ауданының ұйымдастыруымен Приречное орта мектебінің алаңында өтетін ұлттық ойындар туралы сүйінші хабар жеткізді. Бұл-ата-бабамыздан қалған салттың жаңғырып, жас ұрпақтың жүрегінен орын алғанның дәлелі. Ұлттық ойындар-тек жарыс емес, ол тарих, тәрбие, рух! Алда-асық ату, қазақша күрғс, көкпар, арқан тарту сынды ұлттық ойындар! Баршаңызды Наурыз мерекесін
ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ
19
март
2026
ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ
18 наурыз-Ұлттық киім күні🌺Ұлттық киім күні – халқымыздың бай мәдени мұрасын, салт-дәстүрін дәріптейтін ерекше күн. Бұл күні әр адам ұлттық киім киіп, ата-бабамыздан қалған құндылықтарды насихаттайды. Ұлттық киім – тек сән емес, ол біздің тарихымыз, болмысымыз және рухани қазынамыз. Осындай күндер арқылы біз өткенімізді ұмытпай, болашаққа жеткіземіз. ✨  https://www.instagram.com/reel/DWBXPVQjdjI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
ҚАУІПСІЗДІК
17
март
2026
ҚАУІПСІЗДІК
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарулы шабуыл жасау ықтималдығына ден қою мақсатында күзет қызметкерлерін, мектеп ұжымы мен оқушыларына жоспардан тыс оқу-жаттығу ұйымдастырылды. ​https://www.instagram.com/p/DV-Znj5iI0g/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​  
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ
16
март
2026
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ
Наурызнама онкүндігі аясында 15 наурыз-Қайырымдылық күні деп белгіленді. Мектебіміздің 8-11 сынып оқушылары арасында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты – оқушыларды мейірімділікке, жанашырлыққа, бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу және қоғамдағы мұқтаж жандарға қолдау көрсету. Акция барысында оқушылар өз еріктерімен азық-түлік өнімдерін әкеліп әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж отбасына көмек көрсетті. Жиналған көмек отбасыға табысталып, оқушылар тарапынан ізгі ниет пен
КӨРІСУ КҮНІ
16
март
2026
КӨРІСУ КҮНІ
14 наурыз-Көрісу күні… Амал күні қазағым көріседі, Көрісу бұл көненің желісі еді. Жасың құтты болсын деп жамырасып, Ақ ниетпен адал қол беріседі. Көріседі-көңілдер жібісін деп, Көріседі-тасысын ырысың деп! Көріседі-көк мұзда жылысын деп, Көріседі-оң болсын Ұлысың деп. Алты ай қыстан арыған жанын деп, Көріседі-бел буып,бекінуге. Ағайынды араздық ірітеді, Ауызбіршілік, ынтымақ-үгіт-ем! Көріскен жылда қатқан мұз, қалған сызды Көріскен күн көңілмен жібітеді. Бұзуға бұл дәстүрді еш бата алмайды,
ҚАУІПСІЗДІК
16
март
2026
ҚАУІПСІЗДІК
Көктемгі су тасқынынан сақ болайық! Көктем мезгілінде қардың еруі мен жауын-шашынның көбеюі салдарынан су тасқыны қаупі артады. Табмғи апаттың алдын алу-әрқайсымыздың жауапкершілігіміз. Оқушыларға еріп жатқан өзендердің, жырадағы мұздардың үстінен жүруге болмайтыны туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді. “Су тасқынынан сақ болайық” видеороликтер көрсетілді.

redvid esle

©2016-2023, Ресми сайт Жаңасемей ауданы білім бөлімінің "Знаменка жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722