Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Знаменка жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҒЫЛЫМҒА АПАРАР ЖОЛ
13
апрель
2026
ҒЫЛЫМҒА АПАРАР ЖОЛ
«Балалар әдебиеті — рухани тәрбие бастауы» кітапхана онкүндігі‼️ 12 сәуір — еліміз үшін ерекше күн. Бүгін тек **Ғылым қызметкерлері күні** ғана емес, қазақ ғылымының атасы, академик **Қаныш Сәтбаевтың** туған күні! 🇰🇿🔬 Осы айтулы мерекеге орай мектебіміздің кітапханасында **«Ғылымға апарар жол»** атты ерекше көрме ашылды. Көрменің басты мақсаты — жас ұрпақты білім мен ғылымға баулу. * **Қаныш Сәтбаев пен Ермұхан Бекмахановтың** өнегелі өмір жолы мен ғылыми ерліктерін паш ететін жазушы **Медеу
АДАЛ АЗАМАТ
09
апрель
2026
АДАЛ АЗАМАТ
Білім-мемлекеттік саясаттың басты құндылығы! “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде 11-сынып оқушыларына арналған”Білім-саясаттың басты құндылығы:жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар” тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды. Оқушылар еліміздің басты құжаты-Конституцияда білім беру саласына ерекше мән берілетінін түсініп, әр азаматтың сапалы білім алуға құқығы бар екенін талқылады. Сонымен қатар, білімнің ел дамуы мен болашағы үшін маңыздылығы туралы ой бөлісіп, өз
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
09
апрель
2026
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
7 сәуір 2026 жылы мектебімізде ”Патриоттық тәрбие-болашақ кепілі: ІІІ-тоқсан қорытындысы және алдағы міндеттер” тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде: 1. ІІІ-тоқсанның оқу үлгерімін саралау(сыныптың жалпы көрсеткіші, пәндер бойынша талдау.БЖБ және ТЖБ нәтижелері) сөз сөйлеген оқу жұмысы жөніндегі мектеп директорының орынбасары Кудерин Нурлан Серикболович; 2. Мектептегі құқықбұзушылықтың алдын алу-ата-ана мен мектептің ортақ міндеті” сөз сөйлеген тәрбие жұмысы
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ
08
апрель
2026
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ
Дүниежүзілік денсаулық күні‼️ 7 сәуір-Дүниежүзілік денсаулық күніне орай “Салауатты өмір салты-табысты болашақтың негізі” тақырыбында Қазақстан Республикасының Денсаулық министрлігінің ұсынысы негізінде мектебімізде барлық сыныптарға арналған жалпы республикалық бірыңғай сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, зиянды әдеттердің алдын алу және денсаулықты сақтау жолдары туралы маңызды ақпараттар берілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пайдалы мәліметтер
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
08
апрель
2026
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Мектебімізде 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған”Жеке шекара және қолдау: жасө спірімге қиындықтарды жеңуде қалай көмектесуге болады” тақырыбында маңызды сабақ өткізілді. Сынып жетекшілер Айжан Есенгельдиевна мен Жаннұр Ерболқызы ата-аналарға жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері, жеке шекараны құрметтеу, сенімді қарым-қатынас орнату және қиын кезеңдерде дұрыс қолдау көрсету жолдары туралы құнды ақпараттар берілді. Ата-аналар түрлі жағдаяттарды шешіп, тәжірибелерімен бөлісті.
ҚАУІПСІЗДІК
08
апрель
2026
ҚАУІПСІЗДІК
Қауіпсіздік-бәріміз үшін маңызды. Бүгін мектебімізде оқушыларға антитерроризм және бетперде тағу тақырыбында арнайы түсіндіру видеолары көрсетілді. Видеода қоғамдағы қауіпсіздік, өзара сенім және ашықтықтың маңыздылығы кеңінен айтылды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды. Мұндай шаралар жас ұрпақтың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттырып, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді. Біз-бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдаймыз🙌🏻
ДЗЮДО КҮРЕСІ
07
апрель
2026
ДЗЮДО КҮРЕСІ
КСРО-ның Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Халелов Тұрмыс Парткомұлының 65 жас мерейтойына арналған дзюдо күресінен ашық облыстық турнирінде Жаңасемей ауданының спортшысы Қадыржанова Ақниет 30 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды🥇🥋 Құттықтаймыз! https://www.instagram.com/p/DWx7PxNiKBG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН
06
апрель
2026
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН
Таза Қазақстан-бәрімізге ортақ міндет. Бүгін, 3 сәуір күні мектебімізде барлық сыныптарда “Таза Қазақстан” тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушылар қоршаған ортаны қорғау, таьиғатты аялау, тазалық сақтау мәдениеті туралы өз ойларымен бөлісіп, пайдалы ақпараттар алды. Тәрбие сағаттары барысында: 🌱экологиялық мәдениетті қалыптастыру; 🌿табиғатты қорғаудың маңыздылығы; ☘️тазалықты сақтау-әр азаматтың борышы екені кеңінен түсіндірілді. Оқушылар белсенді қатысып, түрлі пікірталастар
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН
03
апрель
2026
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН
“Таза Қазақстан” – ортақ міндет, жарқын болашақ кепілі! Біздің мектеп ұжымы “Таза Қазақстан” республикалық акциясын толық қолдайды. Тазалық – тек қоршаған ортаның емес, әрбір азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Мектебімізде осы акция аясында аумақты абаттандыру, көгалдандыру, сенбіліктер ұйымдастырылып, оқушылар мен ұстаздар белсенді қатысуда. 🌱 Біз табиғатты аялау арқылы келер ұрпаққа таза әрі көркем Қазақстанды аманат етеміз деп сенеміз!
ТАЗА ҚАЗАҰСТАН
03
апрель
2026
ТАЗА ҚАЗАҰСТАН
«Таза Қазақстан» – ортақ міндет, жарқын болашақ кепілі! 🇰🇿 Бүгін мектебімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар мен ұстаздар бірлесе отырып, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. 🌱 Әр сынып өз үлесін қосып, ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл – табиғатқа деген жанашырлықтың, туған жерге деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі. 💚 Тазалық – әрқайсымыздан басталады! Табиғатты қорғау – келер ұрпаққа аманат.

redvid esle

©2016-2023, Ресми сайт Жаңасемей ауданы білім бөлімінің "Знаменка жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722