23
февраль
2023
Алғыс айту күніне арналған апталықтың ашылуы
Бүгін 23 ақпан күні Знаменка орта мектебінде 1 наурыз-Алғыс айту күніне орай апталықтың ашылуы өтті. Бұл күн түстер күні болып белгіленді. Лездемеде әр сынып оқушылары ата-аналарына, ұстаздарына, Отанға, туған жерге, елге деген ыстық ықыластарын білдірді. Лездеме соңында ұстаздар балаларға өмірлерің тәтті, істерің сәтті болсын деген тілекпен "Алғыс айтамын" деген тәттілер таратты. Балаларға бұл күн ерекше көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қуанышты күндеріміз көп болсын 🤗












