28
сентябрь
2022
"Тіл-білімнің кілті" декадасы
19.09 2022 - 28.09.2022 ж. аралығында "Знаменка жалпы орта білім беретін мектебі" КММ ҚР Тілдер күніне орай "Тіл-білімнің кілті" атты онкүндік өтті. Онкүндік аясында "Қазақ тілі", "Орыс тілі", "Ағылшын тілі" пәндерінен сайыстар, қызықты сағаттар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 5-11 сынып оқушылары қабырға газеттерін жасап, онкүндікке атсалысты. Онкүндік заңғар жазушы М.О.Әуезовтың туған күніне тұспа тұс келгендіктен, "Мұхтар мұрасы" атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Ал онкүндіктің соңғы күнінде қорытынды кеш өткізілді. Кеште оқушылар өлеңдер оқып, жазушының шығармаларынан үзінділер оқыды. Үш тілде ертегі қойылып, ағылшын тілінде әндер шырқалды.











