Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Знаменка жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2024

"Наурыз-құт береке бастауы"

Мектебімізде дүбірлетіп Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін өткіздік. Мектеп алаңына киіз үй тігіп, сынып болып мерекелік дастархандар жайылды. Ата-аналар комитетінің бастамасымен, далаға қазан-ошақ қойылып, наурыз көже, дәмі тіл үйіретін ыстық бауырсақ, шелпек пісірілді. "Аналар" мектебі Скакова Үміт апа, Сыздыкова Қаламқас апа, Вакасова Маржан ханым, Жарапазанова Бақытгуль ханым, Ахметжанова Жанар ханым, Ибатуллина Светлана ханым, Нукишева Сымбат ханым, Омарбекова Зауре ханым, Махметжанова Жұлдыз ханым, Мусина Ботагоз ханым, Каракатова Эльмира ханым,Тогасбаева Зауре ханымдарға алғыс білдіреміз🙏 Той думанға ауылдастарды шақырып, көшеде шеру жасап, жар салып салт атқа мінген үш жаршы оқушылар Жарапазанов Али, Давлетгалиев Алнур, Шарипханов Мирас және темір тұлпарларымен қолдаған "Әкелер" мектебінен Каракатов Мадияр мырза, Кудерин Нурлан мырза, Сакенов Айдын мырза, Айтказыев Ернат мырзаға алғыс білдіреміз 🙏 мектебімізде музыкалық аппаратура жоқ екені бәріңе мәлім, қай мерекелік шара музыкалық аппаратурасыз өтеді, сондықтан әр шарамызға аппаратурасын беріп, қолдау көрсететін ауыл клубының директоры Тезекова Айнур ханымға@kokentau_aul_klub алғыс білдіреміз🙏 және ұжымдағы барлық ұстаздарға, кіші қызметкерлерге , ата-аналарға және оқушыларымызға алғыс білдіреміз "Ұйымдасқан ұтады"деген осы емес пе...🙏Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын🙌





redvid esle

©2016-2023, Ресми сайт Жаңасемей ауданы білім бөлімінің "Знаменка жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722