28
октябрь
2022
Оқуға құштар мектеп
Кітап оқу - бұл тек бос уақытты қызық өткізу ғана емес. Сонымен бірге тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс. Нақтырақ айтқанда, бұл процесс ойлау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорды ұлғайтады және сөйлеу мәдениетін дамытып, ми белсенділігін жақсартады. Сондай-ақ, әрбір адамның бойындағы шығармашылыққа деген сүйіспеншілігін оятуға итермелейді. Осы аталған ақпараттарды ескере отырып, мектебімізде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектебіміздегі кітапхана ахуалы мен көркем әдебиеттерге деген оқушылардың қызығушылығын арттыру, оқырмандарды машықтандыру, тәрбиелеу, кітаптарға қызықтыра білуге үйрету, ұлттық тәрбиеге баулу мақсатында "20 минут оқы, 3 минут эссе жаз" атты акциясы ұйымдастырылды. Оқушылардың кітап оқуға ынталары жақсы, күннен күнге оқырмандар саны артуда.


