08
сентябрь
2025
Адал азамат
‼️АДАЛ АЗАМАТ‼️
“Тәрбиесіз ел болмайды, тәрбиеге әсер беретін нәрсенің басы - адалдық пен әділдік”,-деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай , біздер, болашақ ұрпақ тәрбиелеушілер үшін жаңа 2025-2026 оқу жылы “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асырумен басталды.
Сынып жетекшілер отырысында “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы жан-жақты талқыланды.
Бұл бағдарлама-жас ұрпақты елін сүйетін, жауапкершілікті сезінетін, адал азамат ретінде тәрбиелеудің маңызды құралы.
Сынып жетекші - оқушы тұлғасын қалыптастыруда жетекші тұлға. “Адал азамат” бағдарламасының табысты іске асуы ең алдымен сынып жетекшінің белсенділігі мен мақсатты жұмысына тікелей байланысты.
Сынып жетекші - оқушы мен қоғам арасындағы алтын көпір. Оның білімі, жүрегі мен ынтасы арқылы “Адал азамат” тәрбиеленеді деп сенеміз.