Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Знаменка жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҒЫЛЫМҒА АПАРАР ЖОЛ
13
апрель
2026
ҒЫЛЫМҒА АПАРАР ЖОЛ
«Балалар әдебиеті — рухани тәрбие бастауы» кітапхана онкүндігі‼️ 12 сәуір — еліміз үшін ерекше күн. Бүгін тек **Ғылым қызметкерлері күні** ғана емес, қазақ ғылымының атасы, академик **Қаныш Сәтбаевтың** туған күні! 🇰🇿🔬 Осы айтулы мерекеге орай мектебіміздің кітапханасында **«Ғылымға апарар жол»** атты ерекше көрме ашылды. Көрменің басты мақсаты — жас ұрпақты білім мен ғылымға баулу. * **Қаныш Сәтбаев пен Ермұхан Бекмахановтың** өнегелі өмір жолы мен ғылыми ерліктерін паш ететін жазушы **Медеу
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ
08
апрель
2026
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ
Дүниежүзілік денсаулық күні‼️ 7 сәуір-Дүниежүзілік денсаулық күніне орай “Салауатты өмір салты-табысты болашақтың негізі” тақырыбында Қазақстан Республикасының Денсаулық министрлігінің ұсынысы негізінде мектебімізде барлық сыныптарға арналған жалпы республикалық бірыңғай сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, зиянды әдеттердің алдын алу және денсаулықты сақтау жолдары туралы маңызды ақпараттар берілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пайдалы мәліметтер
ҚАУІПСІЗДІК
08
апрель
2026
ҚАУІПСІЗДІК
Қауіпсіздік-бәріміз үшін маңызды. Бүгін мектебімізде оқушыларға антитерроризм және бетперде тағу тақырыбында арнайы түсіндіру видеолары көрсетілді. Видеода қоғамдағы қауіпсіздік, өзара сенім және ашықтықтың маңыздылығы кеңінен айтылды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды. Мұндай шаралар жас ұрпақтың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттырып, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді. Біз-бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдаймыз🙌🏻
ДЗЮДО КҮРЕСІ
07
апрель
2026
ДЗЮДО КҮРЕСІ
КСРО-ның Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Халелов Тұрмыс Парткомұлының 65 жас мерейтойына арналған дзюдо күресінен ашық облыстық турнирінде Жаңасемей ауданының спортшысы Қадыржанова Ақниет 30 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды🥇🥋 Құттықтаймыз! https://www.instagram.com/p/DWx7PxNiKBG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН
06
апрель
2026
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН
Таза Қазақстан-бәрімізге ортақ міндет. Бүгін, 3 сәуір күні мектебімізде барлық сыныптарда “Таза Қазақстан” тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушылар қоршаған ортаны қорғау, таьиғатты аялау, тазалық сақтау мәдениеті туралы өз ойларымен бөлісіп, пайдалы ақпараттар алды. Тәрбие сағаттары барысында: 🌱экологиялық мәдениетті қалыптастыру; 🌿табиғатты қорғаудың маңыздылығы; ☘️тазалықты сақтау-әр азаматтың борышы екені кеңінен түсіндірілді. Оқушылар белсенді қатысып, түрлі пікірталастар
ТАЗА ҚАЗАҰСТАН
03
апрель
2026
ТАЗА ҚАЗАҰСТАН
«Таза Қазақстан» – ортақ міндет, жарқын болашақ кепілі! 🇰🇿 Бүгін мектебімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар мен ұстаздар бірлесе отырып, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. 🌱 Әр сынып өз үлесін қосып, ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл – табиғатқа деген жанашырлықтың, туған жерге деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі. 💚 Тазалық – әрқайсымыздан басталады! Табиғатты қорғау – келер ұрпаққа аманат.
2-СӘУІР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАБЫ КҮНІ
03
апрель
2026
2-СӘУІР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАБЫ КҮНІ
2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күні. Мектеп кітапханасында “Біз таңдаған кітаптар: Классика әлде заманау бестселлер” тақырыбында дебат ұйымдастырылды. Екі тарап та өте орынды дәлелдер келтірді. Шын мәнінде, классика — біздің тамырымыз, ал заманауи әдебиет — біздің қанатымыз. Тамырсыз ағаш өспейді, қанатсыз құс ұшпайды. Сондықтан, «Біз таңдаған кітаптар» тізімінде екі бағыттың да болғаны абзал.
ҚАУІПСІЗДІК
31
март
2026
ҚАУІПСІЗДІК
Қоғамдық қауіпсіздік-ортақ жауапкершілік… Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киім киюге заңмен шектеу қойылған. Бұл талаптың негізгі мақсаты-азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұлғаны сәйкестендіруге жеңілдету. Осы орайда антитерроризмнің алдын алу бойынша педагогтер ұжымына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аталмыш тақырыптарда видеолар ұсынылды. ​https://www.instagram.com/p/DWfl30cCDcN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==​​​ 
АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАР
26
март
2026
АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАР
Туберкулёздің алдын алу-маңызды міндет! Знаменка орта мектебінде оқушылар арасында туберкулёздің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, барлық сынып оқушылары “Туберкулёз деген не?” тақырыбында диктант жазды. Оқушыларға туберкулёз ауруының белгілері мее жұғу жолдары түсіндірілді. Дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы айтылды. Туберкулёздің алдын алу-әр адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауынан басталады.
ЫНТЫМАҚ КҮНІ
23
март
2026
ЫНТЫМАҚ КҮНІ
21 наурыз-Ынтымақ күні Цифрлық киіз үй — дәстүр мен технологияның тоғысқан жаңа кеңістігі. Біз жасанды интеллект көмегімен қазақтың киелі киіз үйін жаңа форматта қайта жандандырып, оны цифрлық инсталляция ретінде ұсынып отырмыз. Бұл жоба — мәдени мұраны сақтай отырып, оны заманауи тілде жеткізудің бір жолы. Инсталляция барысында киіз үйдің құрылымы цифрлық визуализация арқылы ашылады. Бұл тек көрме емес — бұл өткен мен болашақ арасындағы диалог. Қазақ мәдениеті жаңа форматта!

redvid esle

©2016-2023, Ресми сайт Жаңасемей ауданы білім бөлімінің "Знаменка жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722