Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Знаменка жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ
18
март
2026
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ
16 наурыз-Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні🌺 Бұрымды қыз… Бұрымды қыз-нәзіктің,сұлулық пен тектіліктің символы. Желмен тербелген әр тал бұрымда өткеннің ізі, аналардың аманаты бар. Қос бұрым-тек шаш емес, ол-тәрбиенің, ананың ақ сүтінің, ұлттың үнсіз шежіресі. Бұрымын баптаған қыз-өзін ғана емес, тұтас болмысын, жан сұлулығын күткен жан. Бұрым-сұлулық қана емғс, ол-қыздың мінезі, оның ішкі әлемінің айнасы. Салмақты да сабырлы, нәзік те өр мінез-бәрі де сол қос бұрыммен үндесіп жатқандай.
ҚАУІПСІЗДІК
17
март
2026
ҚАУІПСІЗДІК
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарулы шабуыл жасау ықтималдығына ден қою мақсатында күзет қызметкерлерін, мектеп ұжымы мен оқушыларына жоспардан тыс оқу-жаттығу ұйымдастырылды. ​https://www.instagram.com/p/DV-Znj5iI0g/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​  
КӨРІСУ КҮНІ
16
март
2026
КӨРІСУ КҮНІ
14 наурыз-Көрісу күні… Амал күні қазағым көріседі, Көрісу бұл көненің желісі еді. Жасың құтты болсын деп жамырасып, Ақ ниетпен адал қол беріседі. Көріседі-көңілдер жібісін деп, Көріседі-тасысын ырысың деп! Көріседі-көк мұзда жылысын деп, Көріседі-оң болсын Ұлысың деп. Алты ай қыстан арыған жанын деп, Көріседі-бел буып,бекінуге. Ағайынды араздық ірітеді, Ауызбіршілік, ынтымақ-үгіт-ем! Көріскен жылда қатқан мұз, қалған сызды Көріскен күн көңілмен жібітеді. Бұзуға бұл дәстүрді еш бата алмайды,
ҚАУІПСІЗДІК
16
март
2026
ҚАУІПСІЗДІК
Көктемгі су тасқынынан сақ болайық! Көктем мезгілінде қардың еруі мен жауын-шашынның көбеюі салдарынан су тасқыны қаупі артады. Табмғи апаттың алдын алу-әрқайсымыздың жауапкершілігіміз. Оқушыларға еріп жатқан өзендердің, жырадағы мұздардың үстінен жүруге болмайтыны туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді. “Су тасқынынан сақ болайық” видеороликтер көрсетілді.
ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ
13
март
2026
ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ
Рахмет саған, Әліппе!!! Бірінші сынып оқушылары Әліппемен қоштасты. Әліппе – білімнің алғашқы баспалдағы. Осы уақыт ішінде балалар әріп танып, оқуды үйреніп, білім әлеміне алғашқы қадамдарын жасады. 👧👦 Қымбатты оқушылар!!! Сендерге алдағы уақытта тек сәттілік, жақсы баға және білімге деген құштарлық тілеймін. Әрқашан биік белестерден көріне беріңдер! 🌟 ​https://www.instagram.com/reel/DVyB7a-jQv2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 
"АНА - ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ"
11
март
2026
"АНА - ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ"
Ана – өмірдің шуағы, мейірім мен махаббаттың қайнар көзі. Осы қасиетті ұғымның мәнін жас ұрпаққа ұғындыру мақсатында «Анаға құрмет – ұрпаққа міндет» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті насихаттау, ананың қоғамдағы және отбасыдағы орнының ерекше екенін түсіндіру, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ашық тәрбие сағатында оқушылар аналарға арналған өлеңдер оқып, ән айтып, көріністер қойды. Сонымен
🌺8 НАУРЫЗ🌺
10
март
2026
🌺8 НАУРЫЗ🌺
8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай жоспарға сәйкес ұйымдастырылған “Мерекеңізбен анашым” атты аналарға өз қолымызбен сыйлық жасау акциясына белсенділік танытқан 4”А”сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Келесбаева Раушан Толегеновна ​https://www.instagram.com/reel/DVsjYmcjW0n/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 
ОЛИМПИАДАЛАР
10
март
2026
ОЛИМПИАДАЛАР
Бүгінгі лездемеде аудандық, облыстық олимпиадалар мен байқаулардың І, II, III орын жүлдегерлері дипломдармен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ👏🏼👏🏼👏🏼 ​https://www.instagram.com/p/DVieIBOjbrY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ ОҚУЛАРЫ
10
март
2026
ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ ОҚУЛАРЫ
8-11 сынып оқушыларына арналған Ілияс Жансүгіров оқуларының облыстық кезеңінде “Ілияс - қарасөз шебері” көркемсөз оқу номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Нұрланұлы Манарбек 3-орын; “Заманның заңғар тұлғасы” буктрейлерлер номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Маукенов Бекарыс 2-орын иеленді. Жетекшілері: Исабекова Альмира Кабдулкаримовна, Серікқали Жаннұр Ерболқызы. Жетекшілер мен оқушыларды құттықтаймыз👏👏👏 Шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін!
8 – НАУРЫЗ
06
март
2026
8 – НАУРЫЗ
Алдағы келе жатқан көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мектебіміздің оқушы ұлдары қыздарымызды жылы лебізбен құттықтады. Ұлдарымыз қыздарға ізгі тілектерін айтып, шағын сыйлықтарын табыстап, мерекелік көңіл күй сыйлады. Бұл іс-шара оқушылар арасындағы сыйластық пен құрметті арттыруға бағытталды.💐💐💐💐💐🌺🌺🌺🌺🌷🌷🌷🌷🌷Ұйымдастырушы: мектеп тәлімгері Тезекова М.Е. https://www.instagram.com/reel/DVfm6EJiET4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

redvid esle

©2016-2023, Ресми сайт Жаңасемей ауданы білім бөлімінің "Знаменка жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722