Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Знаменка жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ
23
март
2026
ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ
Бүгін 20 наурыз күні Приречное орта мектебінде Жаңасемей ауданының мектептері арасында өткен жарыста Знаменка орта мектебінің 11 “А” сынып оқушылары “Арқан тарту” жарысында жүлделі 1-орынға ие болды👏🏼👏🏼👏🏼 Дене шынықтыру мұғалімдері Алмас Бақтиярович және Нурбек Серикович. ​https://www.instagram.com/p/DWHHMxWCBCC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ
23
март
2026
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында “Бөтелке қақпағын жинаңыз-өмірді сақтаңыз” экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында оқушылар 5 кг бөтелке қақпақтарын жинады. ​https://www.instagram.com/reel/DWGItv1DSPq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 
ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ
23
март
2026
ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ
20 наурыз - Ұлттық спорт күні🤼 Биыл біз дәстүр мен технологияны біріктіріп, жаңа деңгейге көтереміз🚀 Жасанды интеллект көмегімен ұлттық спорт ойындарының тікелей трансляциясы көрсетіліп, оқушыларға қазақтың бай мұрасы дәріптелді.  🏇Көкпар 🤼‍♂️Қазақ күресі 🏇Асық ату, теңге ілу ұлттық ойындардың мәнін түсініп, қызықты сәттерді заманауи форматта тамашалады.  Технология мен дәстүр үндестігі-болашақ кепілі.  Ұлттық рух-біздің күшіміз💪🏻
🌺НАУРЫЗ🌺НАУРЫЗ🌺
20
март
2026
🌺НАУРЫЗ🌺НАУРЫЗ🌺
Мектепалды сыныбымызда Наурыз мейрамы ерекше көңіл-күймен аталып өтті. Балалармен бірге дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды. Сонымен қатар, бүлдіршіндеріміз ұлттық ойындар ойнап, салт-дәстүрімізбен жақынырақ танысты. Бұл мереке балаларға бірлік пен достықтың, ұлттық құндылықтардың маңызын ұғындыруға үлкен мүмкіндік берді. Баршаңызды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Ақ мол болсын, береке-бірлік әр үйге толсын!
🌺НАУРЫЗ🌺НАУРЫЗ🌺
20
март
2026
🌺НАУРЫЗ🌺НАУРЫЗ🌺
Шағын-орталық тобында Наурыз мерекесі ерекше көңіл-күймен аталып өтті. Балалар ұлттық киім киіп, салт-дәстүрлермен танысып, ән айтып, би билеп, мерекенің сәнін кіргізді. Әрбір сәт қуаныш пен шаттыққа толы болды🌺 Бұл мереке арқылы бүлдіршіндеріміз ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, дәстүрге деген сүйіспеншілігін арттырды. Наурыз құтты болсын🌺Әр шаңыраққа береке, бірлік, молшылық тілейміз🌺  https://www.instagram.com/reel/DWEL1dqiGPr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
ЖАҢАРУ КҮНІ‼️
20
март
2026
ЖАҢАРУ КҮНІ‼️
Робототехника-болашақтың кілті… Бүгін 19 наурыз Жаңару күніне орай робототехника саласындағы жобалармен таныстырып, өз идеяларымызбен бөлістік. Әрбір жоба-үлкен еңбектің және технологияға деген қызыгушылықтың нәтижесі. ⚙️Ақылды роботтар ⚙️Автоматтандырылған жүйелер ⚙️Инновациялық шешімдер Осындай жобалар арқылы біз тек білімімізді жетілдіріп қана қоймай, болашақ маман ретінде өз орнымызды қалыптастырамыз.
ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН
20
март
2026
ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН
Мектебімізде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай мазмұнды әрі тағылымы мол іс-шара өткізілді. Бұл мерекелік кеште ұлттық салт-дәстүрлеріміз насихатталып, оқушыларымыз қазақ халқының бай мәдениеті мен рухани құндылықтарын кеңінен таныстырды. Іс-шара барысында ән айтылып, би биленіп, ұлттық ойындар ойнатылды. Көріністер арқылы ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлер дәріптеліп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген
СҮЙІНШІ‼️СҮЙІНШІ‼️
19
март
2026
СҮЙІНШІ‼️СҮЙІНШІ‼️
Ұлттық ойын-ұлт қазынасы… Бүгін мектебіміздің оқушылары ұлттық дәстүрді дәріптеп, тұлпарларына мініп, 20 наурыз күні сағат 10:00-де Жаңасемей ауданының ұйымдастыруымен Приречное орта мектебінің алаңында өтетін ұлттық ойындар туралы сүйінші хабар жеткізді. Бұл-ата-бабамыздан қалған салттың жаңғырып, жас ұрпақтың жүрегінен орын алғанның дәлелі. Ұлттық ойындар-тек жарыс емес, ол тарих, тәрбие, рух! Алда-асық ату, қазақша күрғс, көкпар, арқан тарту сынды ұлттық ойындар! Баршаңызды Наурыз мерекесін
ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ
19
март
2026
ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ
18 наурыз-Ұлттық киім күні🌺Ұлттық киім күні – халқымыздың бай мәдени мұрасын, салт-дәстүрін дәріптейтін ерекше күн. Бұл күні әр адам ұлттық киім киіп, ата-бабамыздан қалған құндылықтарды насихаттайды. Ұлттық киім – тек сән емес, ол біздің тарихымыз, болмысымыз және рухани қазынамыз. Осындай күндер арқылы біз өткенімізді ұмытпай, болашаққа жеткіземіз. ✨  https://www.instagram.com/reel/DWBXPVQjdjI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
ШАҢЫРАҚ КҮНІ
18
март
2026
ШАҢЫРАҚ КҮНІ
17 наурыз-Шаңырақ күні❤️ “Ұлттық ойын-ұлт қазынасы” Заманауи технология мен дәстұр үндескенде-нағыз құндылықтар жаңғырады. Бүгінгі ұйымдастырылған іс-шарада жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ұлттық ойындарымызды жаңа қырынан таныттық. Асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тарту секілді ата-бабадан мирас болған ойындар тек көңіл көтеру емес, ол-тәрбие, бірлік, шапшандық пен ой ұшқырлығын дамытатын үлкен мектеп екені тағы бір дәлелденді. Жасанды интеллект көмегімен дайындалған құралдар

redvid esle

©2016-2023, Ресми сайт Жаңасемей ауданы білім бөлімінің "Знаменка жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722