БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ
Кітап – білімнің кілті, рухани байлықтың қайнар көзі. Халықаралық кітап сыйлау күні – оқуға деген сүйіспеншілікті арттырып, ізгілік пен жанашырлықты насихаттайтын ерекше күн. Осы атаулы күнге орай баршаңызды кітап сыйлау игі бастамасына атсалысуға шақырамыз. Сіз сыйлаған әрбір кітап – бір баланың ой-өрісін кеңейтіп, арманына жол ашуы мүмкін. Оқуға құштар, ойы терең, саналы ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімізді қосайық! Себебі кітапқа салынған инвестиция – болашаққа салынған ең сенімді қадам.