КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС
Мектебімізде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында «Көңілді үзіліс» іс-шарасы өткізілді.Шараның басты мақсаты – білім алушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайту, ұйымшылдыққа баулу және жағымды эмоциялық орта қалыптастыру болды. Оқушылар ерекше қызығушылықпен қатысып, көтеріңкі көңіл-күйде тарасты. Іс-шараны ұйымдастырған: Мектеп тәлімгері Тезекова М.Е. және педагог-ұйымдастырушы Ахметова Г.К.