Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Знаменка жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҚАУІПСІЗДІК
31
март
2026
ҚАУІПСІЗДІК
Қоғамдық қауіпсіздік-ортақ жауапкершілік… Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киім киюге заңмен шектеу қойылған. Бұл талаптың негізгі мақсаты-азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұлғаны сәйкестендіруге жеңілдету. Осы орайда антитерроризмнің алдын алу бойынша педагогтер ұжымына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аталмыш тақырыптарда видеолар ұсынылды. ​https://www.instagram.com/p/DWfl30cCDcN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==​​​ 
ҚАУІПСІЗДІК
31
март
2026
ҚАУІПСІЗДІК
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында терроризмге қарсы жоспардан тыс оқыту өткізілді. Іс-шара барысында төтенше жағдай кезіндегі дұрыс әрекет ету, қауіпсіздік ережелері және сақтық шаралары түсіндірілді. ⚠️ Қауіпсіздік – басты назарда! ​https://www.instagram.com/reel/DWf8rydjdgL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ
31
март
2026
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ
“БІЗ БІР КОМАНДАМЫЗ: ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ” тренинг Мұғалімдерге арналған “Қайта қалпына келтіру” тақырыбында тренинг өткіздік. Бұл кездесу-тек білім алмасу емес, ішкі ресурстарды жаңғырту, эмоциялық тепе-теңдікті сақтау және бір-бірімізді қолдау алаңы болды. Тренинг барысында: ✨күйзелісті басқару тәсілдерін қарастырдық ✨қалпына келу жолдарын тәжірибеде қолдандық ✨командалық рухты нығайттық Әріптестеріміздің белсенділігі мен ашықтығы ерекше шабыт берді. Осындай кездесулер бізді жақындастырып
🏆 «ЖАҢАСЕМЕЙ – 2026» ҰСТАЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ВОЛЕЙБОЛ ДҮБІРІ!
30
март
2026
🏆 «ЖАҢАСЕМЕЙ – 2026» ҰСТАЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ВОЛЕЙБОЛ ДҮБІРІ!
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдері арасында волейболдан дәстүрлі «Жаңасемей – 2026» аудандық жарысы жоғары деңгейде өтті. 🏐✨ ✨ Жарыстың негізгі мақсаты: Ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, командалық рухты нығайтып, әріптестер арасындағы достық қарым-қатынасты арттыру және спорт арқылы ұстаз мәртебесін биіктету. Ауқымды шараның жоғары деңгейде өтуіне ат салысып, қонақжайлылық танытқан Озерки ЖОББМ ұжымына және мектеп басшылығына шын жүректен
АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАР
26
март
2026
АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАР
Туберкулёздің алдын алу-маңызды міндет! Знаменка орта мектебінде оқушылар арасында туберкулёздің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, барлық сынып оқушылары “Туберкулёз деген не?” тақырыбында диктант жазды. Оқушыларға туберкулёз ауруының белгілері мее жұғу жолдары түсіндірілді. Дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы айтылды. Туберкулёздің алдын алу-әр адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауынан басталады.
ЫНТЫМАҚ КҮНІ
23
март
2026
ЫНТЫМАҚ КҮНІ
21 наурыз-Ынтымақ күні Цифрлық киіз үй — дәстүр мен технологияның тоғысқан жаңа кеңістігі. Біз жасанды интеллект көмегімен қазақтың киелі киіз үйін жаңа форматта қайта жандандырып, оны цифрлық инсталляция ретінде ұсынып отырмыз. Бұл жоба — мәдени мұраны сақтай отырып, оны заманауи тілде жеткізудің бір жолы. Инсталляция барысында киіз үйдің құрылымы цифрлық визуализация арқылы ашылады. Бұл тек көрме емес — бұл өткен мен болашақ арасындағы диалог. Қазақ мәдениеті жаңа форматта!
ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ
23
март
2026
ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ
Бүгін 20 наурыз күні Приречное орта мектебінде Жаңасемей ауданының мектептері арасында өткен жарыста Знаменка орта мектебінің 11 “А” сынып оқушылары “Арқан тарту” жарысында жүлделі 1-орынға ие болды👏🏼👏🏼👏🏼 Дене шынықтыру мұғалімдері Алмас Бақтиярович және Нурбек Серикович. ​https://www.instagram.com/p/DWHHMxWCBCC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ
23
март
2026
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында “Бөтелке қақпағын жинаңыз-өмірді сақтаңыз” экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында оқушылар 5 кг бөтелке қақпақтарын жинады. ​https://www.instagram.com/reel/DWGItv1DSPq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 
ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ
23
март
2026
ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ
20 наурыз - Ұлттық спорт күні🤼 Биыл біз дәстүр мен технологияны біріктіріп, жаңа деңгейге көтереміз🚀 Жасанды интеллект көмегімен ұлттық спорт ойындарының тікелей трансляциясы көрсетіліп, оқушыларға қазақтың бай мұрасы дәріптелді.  🏇Көкпар 🤼‍♂️Қазақ күресі 🏇Асық ату, теңге ілу ұлттық ойындардың мәнін түсініп, қызықты сәттерді заманауи форматта тамашалады.  Технология мен дәстүр үндестігі-болашақ кепілі.  Ұлттық рух-біздің күшіміз💪🏻
🌺НАУРЫЗ🌺НАУРЫЗ🌺
20
март
2026
🌺НАУРЫЗ🌺НАУРЫЗ🌺
Мектепалды сыныбымызда Наурыз мейрамы ерекше көңіл-күймен аталып өтті. Балалармен бірге дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды. Сонымен қатар, бүлдіршіндеріміз ұлттық ойындар ойнап, салт-дәстүрімізбен жақынырақ танысты. Бұл мереке балаларға бірлік пен достықтың, ұлттық құндылықтардың маңызын ұғындыруға үлкен мүмкіндік берді. Баршаңызды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Ақ мол болсын, береке-бірлік әр үйге толсын!

redvid esle

©2016-2023, Ресми сайт Жаңасемей ауданы білім бөлімінің "Знаменка жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722