Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Знаменка жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Март 2026 года » Страница 3
КӨРІСУ КҮНІ
16
март
2026
КӨРІСУ КҮНІ
14 наурыз-Көрісу күні… Амал күні қазағым көріседі, Көрісу бұл көненің желісі еді. Жасың құтты болсын деп жамырасып, Ақ ниетпен адал қол беріседі. Көріседі-көңілдер жібісін деп, Көріседі-тасысын ырысың деп! Көріседі-көк мұзда жылысын деп, Көріседі-оң болсын Ұлысың деп. Алты ай қыстан арыған жанын деп, Көріседі-бел буып,бекінуге. Ағайынды араздық ірітеді, Ауызбіршілік, ынтымақ-үгіт-ем! Көріскен жылда қатқан мұз, қалған сызды Көріскен күн көңілмен жібітеді. Бұзуға бұл дәстүрді еш бата алмайды,
ҚАУІПСІЗДІК
16
март
2026
ҚАУІПСІЗДІК
Көктемгі су тасқынынан сақ болайық! Көктем мезгілінде қардың еруі мен жауын-шашынның көбеюі салдарынан су тасқыны қаупі артады. Табмғи апаттың алдын алу-әрқайсымыздың жауапкершілігіміз. Оқушыларға еріп жатқан өзендердің, жырадағы мұздардың үстінен жүруге болмайтыны туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді. “Су тасқынынан сақ болайық” видеороликтер көрсетілді.
ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ
13
март
2026
ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ
Рахмет саған, Әліппе!!! Бірінші сынып оқушылары Әліппемен қоштасты. Әліппе – білімнің алғашқы баспалдағы. Осы уақыт ішінде балалар әріп танып, оқуды үйреніп, білім әлеміне алғашқы қадамдарын жасады. 👧👦 Қымбатты оқушылар!!! Сендерге алдағы уақытта тек сәттілік, жақсы баға және білімге деген құштарлық тілеймін. Әрқашан биік белестерден көріне беріңдер! 🌟 ​https://www.instagram.com/reel/DVyB7a-jQv2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 
"АНА - ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ"
11
март
2026
"АНА - ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ"
Ана – өмірдің шуағы, мейірім мен махаббаттың қайнар көзі. Осы қасиетті ұғымның мәнін жас ұрпаққа ұғындыру мақсатында «Анаға құрмет – ұрпаққа міндет» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті насихаттау, ананың қоғамдағы және отбасыдағы орнының ерекше екенін түсіндіру, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ашық тәрбие сағатында оқушылар аналарға арналған өлеңдер оқып, ән айтып, көріністер қойды. Сонымен
КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР
11
март
2026
КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР
Көпбалалы аналар-отбасының ғана емес, тұтас қоғамның берекесі мен ырысы. Аналық жүрек-шексіз мейірімнің мекені. Ал көпбалалы ана-сол мейірімді бірнеше жүрекке бөліп, әрқайсына теңдей жылу сыйлайтын ерекше жан. Әр таңын бала күлкісімен бастап, әр күнін олардың бақыты үшін арнайтын аналардың еңбегі өлшеусіз. Көпбалалы ана болу-үлкен жауапкершілік, үлкен сабыр, үлкен жүрек. Олардың төзімі-таудай, махаббаты-теңіздей терең. Осындай аналардың арқасында ұрпақ жалғасып, елдің ертеңі нұрлы болмақ. Барша
🌺8 НАУРЫЗ🌺
10
март
2026
🌺8 НАУРЫЗ🌺
8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай жоспарға сәйкес ұйымдастырылған “Мерекеңізбен анашым” атты аналарға өз қолымызбен сыйлық жасау акциясына белсенділік танытқан 4”А”сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Келесбаева Раушан Толегеновна ​https://www.instagram.com/reel/DVsjYmcjW0n/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 
"ЖАҢА МЕКТЕПКЕ - ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ"
10
март
2026
"ЖАҢА МЕКТЕПКЕ - ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ"
Республикалық XIII «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас педагогтерге арналған байқаудың аудандық кезеңінде мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Жуматаева Гүлім Төлеуқызы жүлделі III орын иеленді. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер мен алар асуларыңыз көп болсын. Еңбегіңіз жана берсін! 🌸👏 https://www.instagram.com/p/DVjZaClDbXv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
ОЛИМПИАДАЛАР
10
март
2026
ОЛИМПИАДАЛАР
Бүгінгі лездемеде аудандық, облыстық олимпиадалар мен байқаулардың І, II, III орын жүлдегерлері дипломдармен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ👏🏼👏🏼👏🏼 ​https://www.instagram.com/p/DVieIBOjbrY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ ОҚУЛАРЫ
10
март
2026
ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ ОҚУЛАРЫ
8-11 сынып оқушыларына арналған Ілияс Жансүгіров оқуларының облыстық кезеңінде “Ілияс - қарасөз шебері” көркемсөз оқу номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Нұрланұлы Манарбек 3-орын; “Заманның заңғар тұлғасы” буктрейлерлер номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Маукенов Бекарыс 2-орын иеленді. Жетекшілері: Исабекова Альмира Кабдулкаримовна, Серікқали Жаннұр Ерболқызы. Жетекшілер мен оқушыларды құттықтаймыз👏👏👏 Шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін!
8 – НАУРЫЗ
06
март
2026
8 – НАУРЫЗ
Алдағы келе жатқан көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мектебіміздің оқушы ұлдары қыздарымызды жылы лебізбен құттықтады. Ұлдарымыз қыздарға ізгі тілектерін айтып, шағын сыйлықтарын табыстап, мерекелік көңіл күй сыйлады. Бұл іс-шара оқушылар арасындағы сыйластық пен құрметті арттыруға бағытталды.💐💐💐💐💐🌺🌺🌺🌺🌷🌷🌷🌷🌷Ұйымдастырушы: мектеп тәлімгері Тезекова М.Е. https://www.instagram.com/reel/DVfm6EJiET4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

redvid esle

©2016-2023, Ресми сайт Жаңасемей ауданы білім бөлімінің "Знаменка жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722