Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Знаменка жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"
17
ноябрь
2023
"Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"
Балалардың құқықтарын қорғау мақсатында "Қатыгездік және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" республикалық ақпараттық акциясы аясында мектеп оқушылары "Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!" атты үндеу акциясын жолдайды. Сыныптарда осы аталмыш тақырыпта тәрбие сағаттары жүргізілді.  
"Қазақстан балалары-күзгі интерактив!" күзгі каникул
31
октябрь
2023
"Қазақстан балалары-күзгі интерактив!" күзгі каникул
"Қазақстан балалары-күзгі интерактив!" күзгі каникулда ғұлама Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл толуына орай 8-11 сынып оқушыларының арасында "Қожа Ахмет Яссауидің хәл хикмет ілімі" атты эсселер байқауы өтті.  Мақсаты: жасөспірімдер арасында сопылық ілімнің негізін қалаушы, философ Ахмет Яссауидің хикмет ілімін дәріптеу, тәрбиелік мәнін ұғындыру.  Байқауға жиыны 14 оқушы қатысты. Жүлделі орын иеленгендер: І орын Дүйсенбаева Сая 11- сынып , Машенова Нуржамал 10- сынып; ІІ орын Тұрсынғалиева
"Қазақстан балалары-күзгі интерактив" күзгі каникул
30
октябрь
2023
"Қазақстан балалары-күзгі интерактив" күзгі каникул
Знаменка ЖОББМ-де "Қазақстан балалары-күзгі интерактив" күзгі каникулында балалардың демалысын, бос уақытын ұйымдастыру мақсатында "Балалар кітапханасы" жобасы аясында 5 "А" сынып оқушыларымен "Ізгілікке қалам тартқан...жас ғұмыр" атты оқырмандармен кездесу өтті. Кездесуді ұйымдастырғандар: кітапханашы - Исабекова Гүлсім Сағатбековна, сынып жетекшісі Әкімбек Шалқар Асқарұлы. 
"Таза Семей-2023" экологиялық акция
24
октябрь
2023
"Таза Семей-2023" экологиялық акция
25-қазан Республика күні қарсаңында қыркүйек айында ұйымдастырылған "Сенбіліктегі ең үздік селфи" конкурсына қатысқаны үшін мектебіміз Семей қаласының ұйымдастыру комитетінің Алғыс хатымен марапатталып, "Таза Семей - 2023" экологиялық акциясына белсенді қатысқаны үшін сертификат табысталды. Осы акцияны қолдаған ұстаздар, Машенова Алмагуль Алимовна, Тилеубкеова Гульназ Кабыкеновна, Ряшева Меруерт Думанбековна, Кенжебаева Гульшат Мадиевна, Исабекова Жанар Турсыновна, Исабекова Альмира
"Айтыс-жыр барымтасы" ақындар айтысы
12
октябрь
2023
"Айтыс-жыр барымтасы" ақындар айтысы
Қалалық семинар аясында "Төрт тоқсан-төрт өнер" тұжырымдамасының "Айтыс өнері" жобасын іске асыру мақсатында "Айтыс-жыр барымтасы" атты ақындар айтысы өтті. Алғашқы айтыстың шымылдығын жас ақындар 1 "А" сынып оқушылары Оралбай Бексұлтан мен Макенова Раяна және 3 "А" сынып оқушылары Түсіпбек Хақназар мен Әбілова Еркеназ ашты. балдай тілдерімен көрермендердің ықыласына бөленді. Болашақта мектебімізден көптеген ақындар шығатынына сеніміміз мол. 
"Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығы"қалалық семинар
11
октябрь
2023
"Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығы"қалалық
Знаменка орта мектебінде 11қазан 2023 жылы "Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтмақтастығы" тақырыбында тәжірибе алмасу мақсатында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының қатысуымен қалалық семинар өтті. Семинар бағдарламасы біртұтас тәрбие бағдарламасын оның ішінде ата-аналармен жұмыс жасауда тәрбиенің үздіксіздігі негізге алынды. Атап айтқанда, қатысушылар "Тәрбие - тал бесіктен" Әжелер мектебінің, өткізгендер Кенжебаева гульшат Мадиевна, Исабекова Альмира
Мектеп - мейірім мекені
19
сентябрь
2023
Мектеп - мейірім мекені
Знаменка орта мектебінде 1 қыркүйек 2023  жылы "Мектебім - мейірім мекені" атты салтанатты жиында алғашқы қоңырау соғылды. Алғаш рет мектеп табалдырығын 18 бүлдіршін аттады. Сынып жетекшісі Кенжебаева Гульшат Мадиевна. 
Денсаулық фестивалі-2023
09
сентябрь
2023
Денсаулық фестивалі-2023
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мектепте "Денсаулық күні" ұйымдастырылды. Дене шынықтыру мұғалімдері оқушылар мен ұстаздар арасында кросс, эстафеталық ойындар, волейбол және футболдан жарыстар өткізді. 
Білім сабақтары
01
сентябрь
2023
Білім сабақтары
Алғашқы қоңырау салтанаты "Мектебім - мейірім мекені" тақырыбындағы білім сабақтармен жалғасты. 
"Мектепке жол" акциясы
01
сентябрь
2023
"Мектепке жол" акциясы
Жыл сайын өтетін республикалық "Мектепке жол" акциясы аясында алғашқы қоңырау күні 1-ші сыныпқа барған бүлдіршіндерге "Самұрық-Қазына" корпорациясының демеушілігімен оқу құралдары салынған рюкзактар сыйға тарту етілді. Алғыс білдіреміз!                                                    Тәрбие жұмысы жөніндегі мектеп директорының орынбасары: Узакбаева Салтанат Суниятовна  

redvid esle

©2016-2023, Ресми сайт Жаңасемей ауданы білім бөлімінің "Знаменка жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722