Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Знаменка жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алғыс айту күніне арналған апталықтың ашылуы
23
февраль
2023
Алғыс айту күніне арналған апталықтың ашылуы
Бүгін 23 ақпан күні Знаменка орта мектебінде 1 наурыз-Алғыс айту күніне орай апталықтың ашылуы өтті. Бұл күн түстер күні болып белгіленді. Лездемеде әр сынып оқушылары ата-аналарына, ұстаздарына, Отанға, туған жерге, елге деген ыстық ықыластарын білдірді. Лездеме соңында ұстаздар балаларға өмірлерің тәтті, істерің сәтті болсын деген тілекпен "Алғыс айтамын" деген тәттілер таратты. Балаларға бұл күн ерекше көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қуанышты күндеріміз көп болсын 🤗
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
21
февраль
2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Исабекова Альмира Кабдулкаримовна және Серікқали Жаннұр Ерболқызының ұйымдастыруымен ақпан айының 21-і күні 5-10 сынып оқушылары арасында “Абай мұрасы-халық ұлағаты” атты қара сөздер байқауы өтті. Байқауға жиыны 31 оқушы қатысты. 5-7 сыныптар, 8-10 сыныптар бөлек бағаланды. Қатысушыларға грамоталар мен алғыс хаттар табысталды.
"Оқуға құштар мектеп" жобасыХалықаралық дауыстап оқу күні
17
февраль
2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасыХалықаралық дауыстап оқу күні
Мектебіміздің ұстаздар қауымы "17-ақпан Халықаралық дауыстап оқу күнінде" көркем әдебиеттен үздік шығармаларды оқып, сабақ барысында пайдаланылатын тиімді тәсілдерді көрсетіп, атаулы күнге ат салысты. Кітапханашы - Г.С.Исабекова.
Күзгі каникул шаралары
04
ноябрь
2022
Күзгі каникул шаралары
Күзгі каникул аясында мектеп психологы Исабекова Ж.Т. жоспарға сәйкес 1 "А" сынып оқушыларымен "Арт-терапия" сурет-жобалау әдістері және 5 "А" сыныбымен "Қорқыныш сезімнен арылуға және өз-өзіңе деген сенімділікті арттыруға арналған ойындар мен жыттығулар" тақырыбында тренингтер  өткізді. 
Күзгі каникул - 2022
04
ноябрь
2022
Күзгі каникул - 2022
2022 жылғы 31 қазан - 6 қараша аралығында күзгі каникул болып бекітілді. Оқушылардың бос уақыты тиімді жоспарланып, өткізілді. Каникул алдында сынып жетекшілер ата-аналар жиналысын өткізіп, ондағы күзгі демалыстағы қауіпсіздік ережелерімен ( жолда, көшеде, қоғамдық орындарда жүру) таныстырды. Күзгі демалыс жоспары бойынша әртүрлі шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, 1-ші және 3-ші сыныптарды "Қызық екен", "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" атты интеллектуалды ойындар ұйымдастырылды. Сынып
Оқуға құштар мектеп
28
октябрь
2022
Оқуға құштар мектеп
Кітап оқу - бұл тек бос уақытты қызық өткізу ғана емес. Сонымен бірге тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс. Нақтырақ айтқанда, бұл процесс ойлау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорды ұлғайтады және сөйлеу мәдениетін дамытып, ми белсенділігін жақсартады. Сондай-ақ, әрбір адамның бойындағы шығармашылыққа деген сүйіспеншілігін оятуға итермелейді. Осы аталған ақпараттарды ескере отырып, мектебімізде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектебіміздегі кітапхана ахуалы мен
25 қазан Республика күні
21
октябрь
2022
25 қазан Республика күні
25 қазан Республика күніне орай мектепте "Жас патриот күні" жобасы аясында 21 қазан күні бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Біріншіден, мектеп фойесі мен мектеп алаңы безендірілді.  "Жас патриот күні" аясында 1-5 сынып оқушылары "Менің Отаным Қазақстан" тақырыбында суреттер көрмесін ұсынды. Сынып жетекшілер оқушылармен тәрбие сағаттарын өткізді. Осы күні "Жас Ұлан", "Жас Қыран" ұйымына қабылдау салтанатты лездеме өтті. АӘД мұғалімі Исабеков Д.Д. 9-11 сынып оқушыларымен "Алау" әскери-спорттық
Алтын күз
21
октябрь
2022
Алтын күз
17-20 қазан аралығында "Алтын күз" мерекесіне аналған апталық өтті. Бұл шараға буын буынмен сыныптар қатысты. 1-4 сынып оқушылары арасында табиғи материалдардан қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. 5-7 сынып және 8-11 сыныптар арасында командалық сайыс өтті. Үздік командалар және жасалған жұмыстар бағаланып, марапатталды. 
"Тіл-білімнің кілті" декадасы
28
сентябрь
2022
"Тіл-білімнің кілті" декадасы
19.09 2022 - 28.09.2022 ж. аралығында "Знаменка жалпы орта білім беретін мектебі" КММ ҚР Тілдер күніне орай "Тіл-білімнің кілті" атты онкүндік өтті. Онкүндік аясында "Қазақ тілі", "Орыс тілі", "Ағылшын тілі" пәндерінен сайыстар, қызықты сағаттар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 5-11 сынып оқушылары қабырға газеттерін жасап, онкүндікке атсалысты. Онкүндік заңғар жазушы М.О.Әуезовтың туған күніне тұспа тұс келгендіктен, "Мұхтар мұрасы" атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Ал
«Салауатты өмір салты!» тақырыбында өтетін онкүндік
16
ноябрь
2021
«Салауатты өмір салты!» тақырыбында өтетін онкүндік
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні және оған ұштастырылған 2021 жылдың 15-26 қарашасы аралығында «Салауатты өмір салты!» тақырыбында өткізілетін онкүндік аясында 2-4 сынып оқушылары арасында суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

redvid esle

©2016-2023, Ресми сайт Жаңасемей ауданы білім бөлімінің "Знаменка жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722